Айгерім Алдабергенова
визажист
Бәріміз де бала кезімізде анамыздан, жасы үлкен әпкелерімізден жасырып ерінімізді бояп, айна алдында тамсанып тұратын едік. Яғни, кез-келген нәзік жанды арулар опа-далаптар туралы жетік біледі. Тек қолдану және терісіне қажетті түрін таңдауда жалыспаса болғаны.
- Опа-далаптарды қолданбас бұрын бетімізді жууға арналған құрал арқылы мұқият жуып, тазалаған абзал. Сол кезде бетімізге жаққан декоративті косметикалар тегіс жағылып, ұзақ сақталатын болады.
- Балаларға арналған немесе өзіңіздің теріңізге сай күндізгі кремді жағып, 2-3 минут бетіңізге сіңіп кетуге мүмкіндік беріңіз.
- Тональды кремдерді тері түсінен бір түске қою болу керек. дүкенге барған кезде тональды кремді қолға емес, бетіңізге жағып көрген жөн.
- Егер көзіңіздің астында ісік немесе солғын дақтар болса, консилер қолдануға болады. Алайда, бұл аса маңызды емес.
- Беттің жақ сүйектерін көрсетуүшін контурды қолданамыз. Бұл визуалды түрде бетті арық етіп көрсетуге үлкен мүмкіндік.
- Хайлайтер –бұл бетке әр беріп, жылтыратып әрі кейбір әжімдерді жасыруға таптырмас косметика.
- Кезек көз бояуларына келді. Өзіңізге ұнаған түстердің ішінен үшеуін таңдаңыз. Олардың ең қоюуын көздің шетіне, ал ең ашығын көздің алдыңғы бөлігіне жағу керек. Ең бастысы, түстердің бір-біріне ауысуы кезінде еш білінбей кету қажет. Ол үшін визаж әлемінде растушевка деген термин қолданылады.
- Және қасыңызды да жөндеп бояуды ұмытпаңыз. Өзіңіздің қасыңыздың формасы бойынша жеңіл бояп, «растушевка» жасасаңыз нұр үстіне нұр болады.
- Ең соңында еріңізге далап жақсаңыз, хас сұлу болып шыға келесіз.
P.S.: Бояну процесінде анық қою түстерді не көзіңізге, не ерініңізге таңдаған жөн болады. Көз бен ерінді қатар анық етіп бояу үлкен қателік екенін ұмытпағайсыз.
gallery