Сұхбат барысында көптеген адамдардың осы іспен айналысқаны анықталды. Ал ең батылдары бізге өздерінің ойдан шығарылмаған оқиғаларын баяндады.
1. "Түн. Көше. Шам. Жоқ, шын мәнісінде барлығы басқаша болды. Күн. Шыршалар. 28 гвардейші-панфиловшы саябағы. 20 жасыңда шыршалар өте қалың, ал саябақтағы адамдар сирек көрінеді. Уақытынан бұрын аяқталған сабақ тек қуаныш себебі ғана емес, қоғамдық жердегі жыныстық қатынастың жеткілікті негізі болады. Жыныстық қатынас поэзия секілді емес пе: шабытың келсе, оны қайда жібересің? Буындырып өлтіру мүмкін емес. Шырша тікендері денеге кіріп, ағаш бедері жамбасқа батқанмен, оған кім қарайды. Жаныңыз ләззатқа батқанда жұмсақ жастық пен мамық көрпені ойлайсыз ба? Мен де соны айтам. Бұтақ арасынан студенттер көрініп, коммивояжерлер, саябаққа жиі келетін үйленушілер, тіпті зейнеткерлер және балалар (ой, масқара!) жаныңнан ары-бері өте береді-ау. Осы жайт жағдайды одан да қоздырып жібереді. Шынын айтқанда, осы істің бар қызығы да осы. Ұят дейтіндерге айтарым, бізді ешкім байқамады да, ұстамады да, ұстап алып кетпеді де, тіпті мобильді телефон камерасына түсірмеді де. Мүмкін, ол кезде мобильді телефондарда камера да болмаған шығар. Қазір мен осы жерден өткенде шыршалардың қалыңдығы басқаша көрінеді. Қазір шыршалар сиреп қалған болар деп өзімді жұбатып қоямын.
2. "Бірде жігітім мені көп қабатты үйдің шатырында кездесуге шақырды. Жылы жазғы кеш, шам шағылған кешкі ас, шампан, ғашықтық сөздер және ғажайып аспанды тамашалау! Бір сөзбен айтқанда, романтика! Кездесуде сүйіспей қайтпайтын едік қой! Осындай жоспарланбаған жағдайлардағыдай, құмарымыз кенеттен ашыла кетті. Ең қызықтысы, ресми кездесу аяғына 30 минуттай уақыт қалғанмен, бізді бұл тоқтатпады. Жағдай қыза түсті, кез келген уақытта адамдар көтеріліп келу мүмкіндігін түсінгенмен, ләззатымыз жеңді. Басталған істі аяқтап, киіне бергеніміз сол еді, дәл осы сәтте есік ашылып, кездесуімізді ұйымдастырушы кіріп келгені бар ма! Бізге қарай салысымен, ол күрсіне кешірім сұрап, 10 минуттан кейін келетінін айтты. Менің түсінгенімше, ол осындай жағдайға талай рет тап болған. Кейін жігітім айтқандай, менің жүзімді көрсеңдер ғой! Біз осы жағдайды талай еске алып, күліп алатынбыз! Шатырдағы жыныстық қатынас өмірдегі ең қызықты шара деп айта алмаймын, бірақ мұның экстремалды тұрғыдан қалыптыдан тыс болғаны күмәнсіз! Ең қалыптыдан тыс жыныстық қатынас – ол мүлде басқа оқиға…".
3. "Қоғамдық жердердегі жыныстық қатынас. 22 жасыңда одан керемет нәрсе бар ма? Мен сол еркекке қатты ғашық едім. Біз қалада серуендеп, маған оның жанымда болғаны жеткілікті еді, қолымнан ұстағанының өзінде өліп кетердей болушы едім. Бірде алматылық саябақтардың бірінде серуендеп жүрдік. Сол сәтте нөсерлі жауын басталып кетті. Біз ағаш астына тығылдық. Сүйісе бастадық, оның беті жауыннан су еді. Содан кейін жыныстық қатынасқа түстік. Біз мұны тұрып тұрып, ағашқа сүйене жасадық. Біз үшін бұл аспаннан жауын жауғандай табиғи кейіпте болды. Ол денеме кірген сайын, күн күркіреді. Білмеймін, осылайша сәйкес келді. Найзағай мен күннің күркіреуі әлде бір клише сияқты болар, бірақ бұл өмірімдегі ең толғандырар сәттердің бірі болды. Айтқандай, бізді біреулердің көріп қою мүмкіндігін ойламадым да, маған бәрібір болды. Айналада тек ол, мен және табиғат ғана болды, ол да бір ләззат алған сияқты ".
4. "Сол күзде құмарымыз бізді адам ең көп жерлерде бас салатын. Біз бір-біріміздің мықтылығымызды тексеріп, соңғы сәтке дейін өзімізді ұстап, ақырында сезімге беріліп, ұсталып қаламыз деп ойламадық та. Махаббатымыз бізді қалқалап, қорғап жүргендей болды (дегенмен, шыны керек, мен әлі күнге дейін біреулердің сол кезде бізді түсіріп алып, youtube-қа салып қойды ма деп қорқамын). Әсіресе кинотеатрда "Мамма мия!" сеансы барысында ABBA тобының "The winner takes it all" хиті барысында ерекше ләззат алдым. Кинотеатр толы болатын, біз бір-бірімізді аймалау үшін соңғы қатардан билет алдық, өшпес музыка осының барлығына әлде бір ерекшелік берді. Содан бері осы әуенді естіген сайын мен жыныстық қатынастан басқа ешнәрсені ойлай алмаймын. Енді мені қалай еліктіруге болатынын білесіз ".
5. "Жасымыз 23-те болатын, бірге жұмыс жасайтынбыз және әріптестер арасында жиі болатындай, қала барларының бірінде жоспарланбаған кеш өтті. Ішілген арақ-шарап пен брудершафттан (онсыз қайтеміз?) соң, сол жылдардағы бір жылдан кейін аттары еске түспес хиттерге бір түрлі билеп қайтқаннан кейін ол мені үйге шығарып салмақшы болды. Мен балалық кезде мектепке баратын жолымды көрсеткім келді. Тілім бұралып мен сүйікті саябақ қоршауын ұнатқанымды айтып жаттым. Мұның себебі де осы темір қоршау, романтикалық сезім болар. Ол мені айналдыра қойып, қоршауға тіреп тұрып бас салды – ар жағы есімде жоқ. Бастысы - осы әсерді өмірдегі ең басты әсер деп санаймын. Бір реттен-ақ соншама сезімге бөленем деп кім ойлаған!"
6. "Қоғамдық жерлердегі жыныстық қатынас мен үшін жат нәрсе болатын, осы ойдың өзінен түршігетін едім. Әрдайым біреулердің көріп қойып, ұят боларына сенімді болатынмын. Бұл тек екі адамға ғана ортақ нәрсе ғой, гигиена тұрғысынан да жол берілмейтін нәрсе. 17 жасымда осылай ойладым. Тәртібім үлгілі болмағанмен және миссионерлік жатысты ерекше қаламасам да, жігітімнен ұялып шамды өшіруді сұрамасам да, әлде бір саябақта жыныстық қатынасқа түсуді ойласам, көз алдыма артыма кіретін тікендер мен қала желегінің ішінде үйкесіп жатқан жарым жартылай жалаңаш адамдарды youtube-қа шығарып жатқан жасөспірімдер келеді. Құмарым басылып қалатын. Алайда, осындай көзқарасымды өзгерткен былайша айтқандағы ұрыстан кейін татуласқан кездегі жыныстық қатынас болды. Алдын ала келіспестен, жолдан сәл ары өтіп, біз еңкіш талдың түбіне келдік. Бойыңдағы адреналиннің құмарлық сәтінде ағзаны еліктіріп, саған жылдам әрекет етіп, сезімді жарқынырақ сезуге мүмкіндік береді екен. Бұл өте жылдам да жағымды үдеріс болды, оны кейін де қайталағым келді. Ал шырша тікендері (талда олардың болмағаны қандай жақсы), гигиена мен бөтен адамдар соңғы орынға шықты. Осы кеш біздің шытырман оқиғаларымыздың бастамасы болды, енді бізге осындай сезімді қайта бастан кешіру үшін ұрсысу қажет болмады, алайда аморальды тәртібіміз үшін айыппұл төлемеу үшін тырысып бақтық ".
Сіздер қоғамдық жерлерде жыныстық қатынасқа түсіп пе едіңіз? Осындай құбылысқа қалай қарайсыз?