Картинка
Новости

«Мисс Казахстан – 2021». Итоги недели с 22 по 29 октября
«Қазақстан аруы – 2021». 22-29 қазан аралығында өткен аптаның қорытындысы

За прошедшую неделю жюри Национального конкурса красоты «Мисс Казахстан – 2021» определило еще нескольких региональных победительниц.  Comode.kz поговорил с девушками и их мамами о подготовке к конкурсу и перспективах. 

Өткен аптада «Қазақстан аруы – 2021» ұлттық сұлулық байқауының қазылар алқасы тағы бірнеше аймақтық жеңімпаздарын анықтады. Comode.kz, қыздармен және олардың аналарымен жарысқа дайындық жайлы, сонымен қатар болашақ туралы әңгімt қозғады.

«Мисс Кокшетау – 2021» Айгерим Ауталипова

«Көкшетау аруы – 2021» Әйгерім Әутәліпова

Фото из архива Айгерим Ауталиповой

Айгерим, зачем вы участвуете в конкурсе? Какими качествами, по-вашему, должна обладать победительница?

Әйгерім, сіз неге конкурсқа қатыстыңыз? Сіздің ойыңызша, жеңімпазда қандай қасиеттер болуы керек?

Раньше я и подумать не могла, что буду участвовать в конкурсах красоты и стану победительницей. Мне часто делали комплименты и говорили, что нужно подать заявку, но я не воспринимала это всерьез. Потом мне написала Найля Ибрагимовна (региональный директор конкурсов красоты Акмолинской области), именно она придала мне уверенности, и я приняла участие в конкурсе. Я ей очень благодарна. Сейчас я могу использовать возможности и данные для достижения еще большего успеха и представить свой город и страну в более масштабных конкурсах. Когда я выполняла одно из творческих заданий конкурса, на правой ноге у меня был гипс, но я настолько хорошо справилась с задачей, что никто этого не заметил. Я считаю, что победительница должна быть воспитанной, добродушной, отзывчивой, целеустремленной и уверенной в себе девушкой.

Бұрын, сұлулық байқауларына қатысып, жеңімпаз атанамын деп ешқашан ойламайтынмын. Маған адамдар жиі комплимент айтатын, өтінім бер дейтін, бірақ мен оған шындықпен қарамағанмын. Содан кейін маған Найля Ибрагимқызы (Ақмола облысындағы сұлулық байқауларының аймақтық директоры) хат жазып, маған сенім артты, сөйтіп мен байқауға қатысуды ұйғардым. Менің, ол кісіге деген ризашылығым шексіз. Енді мен мүмкіндік пен қабілетімді пайдаланып, одан да үлкен жетістікке қол жеткізе аламын, өз қаламды, өз елімді үлкен жарыстарда көрсете аламын деп сенемін. Байқаудың шығармашылық тапсырмаларының бірін орындап жатқанда оң аяғымда гипс болатын, бірақ тапсырманы жақсы орындағаным соншалық, оны ешкім байқамады. Жеңімпаз әдепті, ақкөңіл, жанашыр, мақсаты бар, өзіне сенімді қыз болуы керек деп есептеймін.

Фото из архива Айгерим Ауталиповой

Как вы отреагировали на участие Айгерим в конкурсе? Поделитесь советом, как вырастить победительницу.

Әйгерімнің байқауға қатысуын қалай қабылдадыңыз? Жеңімпазды қалай өсіру керек, сол жайлы кеңесіңізді берсеңіз.

Я уверена, что для моей дочери это возможность реализовать себя и раскрыть свой потенциал. Участие в таких конкурсах развивает очень много хороших качеств в человеке: уверенность, волевой характер, стремление к победе, выражение своих талантов. Чтобы вырастить успешного ребенка, нужно с раннего детства окружать его любовью, заботой и поддержкой. Всегда радуйтесь успехам своих детей!

Бұл қызымның өзін-өзі танытуына, жаңа мүмкіндіктердің ашылуана берілгендігі екеніне сенімдімін. Мұндай сайыстарға қатысу адам бойындағы көптеген жақсы қасиеттерді дамытады: сенімділік, жігерлі мінез, жеңіске деген құштарлық, бойындағы дарындылық. Табысты баланы тәрбиелеу үшін оны бала кезінен сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен және қолдаумен қоршау керек. Әрқашан балаларыңыздың жетістігіне қуаныңыз!

«Мисс Астана – 2021» Айдана Ахантаева

«Астана аруы – 2021» Айдана Ахантаева

Фото из архива Айданы Ахантаевой 

Айдана, зачем вы участвуете в конкурсе? Какими качествами, по-вашему, должна обладать победительница?

Айдана, сіз неге конкурсқа қатыстыңыз? Сіздің ойыңызша, жеңімпазда қандай қасиеттер болуы керек?

Уверена, что участие в конкурсе поможет мне организовать бесплатные творческие площадки для талантливых детей из многодетных семей. По примеру европейского метода обучения я смогу проводить музыкальные вечера, чтобы как можно больше людей имели возможность реализовать себя в данной сфере. Чтобы победить в конкурсе, нужно быть целеустремленной, трудолюбивой, воспитанной и женственной. Также очень важны чувство юмора и навыки общения.  

Байқауға қатысу маған көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балалар үшін тегін шығармашылық алаңдарды ұйымдастыруға көмектесетініне сенімдімін. Оқытудың еуропалық әдісін үлгі ете отырып, көпшілікке, осы салада өзін-өзі табуға мүмкіндік беретін музыкалық кештер өткізе алатын едім. Жарыста жеңіске жету үшін мақсаткерлік, еңбекқор, әдептілік және нәзіктік болуы керек. Әзіл-сықақ сезім мен мәдени мінез-құлық дағдысы да өте маңызды.

Фото из архива Айданы Ахантаевой 

Как вы отреагировали на участие Айданы в конкурсе? Поделитесь советом, как вырастить победительницу.

Айдананың байқауға қатысуын қалай қабылдадыңыз? Жеңімпазды қалай өсіру керек, сол жайлы кеңесіңізді берсеңіз.

Моя дочь с детства принимала участие в музыкальных конкурсах. Всегда пробовала что-то новое, активно участвовала в разных олимпиадах и никогда не стояла на месте. Участие в конкурсе красоты – исполнение ее желания попробовать себя в чем-то новом. И мы с папой поддерживаем ее во всех начинаниях. Я думаю, что участие в конкурсе поможет ей реализоваться в творческой жизни. Вырастить победителя просто: нужно радоваться любым начинаниям детей, а не препятствовать им.

Қызым бала кезінен музыкалық байқауларға қатысқан еді. Әрқашан жаңа нәрселерді көріп, әртүрлі олимпиадаларға белсенді қатысып, ешқашан бір орында тұрмайтын. Сұлулық байқауына қатысу - өзін жаңа бір белесте сынап көру, арманынның орындалуы. Ал әкесі екеуміз, оның барлық бастаулырын қолдаймыз. Байқауға қатысу оның шығармашылық өмірінде өзін танытуына көмектеседі деп ойлаймын. Жеңімпазды тәрбиелеу оңай: сіз балаларыңыздын кез-келген әрекетіне қуануып, оларға еш кедергі жасамаңыз.

«Мисс Тараз – 2021» Индира Маханова

«Тараз аруы – 2021» Индира Маханова

Фото из архива Индиры Махановой 

Индира, зачем вы участвуете в конкурсе? Какими качествами, по-вашему, должна обладать победительница?

Индира, сіз неге конкурсқа қатыстыңыз? Сіздің ойыңызша, жеңімпазда қандай қасиеттер болуы керек?

Мое участие в конкурсе было вызвано моим серьезным, профессиональным увлечением моделингом. До этого я участвовала в конкурсе красоты и талантов «Мисс Алматы – 2018», в котором я стала обладательницей номинации «Мисс модель». Я решила на этом не останавливаться, и сейчас вижу первый серьезный результат моего труда! Чтобы победить в конкурсе, нужно быть целеустремленной и не бояться трудиться.

Байқауға қатысуым, менің кәсіби модельдік хоббиім түрткі болды. Бұған дейін «Алматы аруы – 2018» сұлулық пен талант байқауына қатысып, «Модель аруы» номинациясының иегері атандым. Мен мұнымен тоқтап қалмаймын деп шештім, енді жұмысымның алғашқы елеулі нәтижесін көріп отырмын! Бәсекелестікте жеңіске жету үшін мақсаткерлі болу қажет, сонымен қатар көп жұмыс істеуден қорықпау керек деп ойлаймын.

Фото из архива Индиры Махановой 

Как вы отреагировали на участие Индиры в конкурсе? Поделитесь советом, как вырастить победительницу.

Индираның байқауға қатысуын қалай қабылдадыңыз? Жеңімпазды қалай өсіру керек, сол жайлы кеңесіңізді берсеңіз.

Мы с папой Индиры с детства поддерживали ее творческие увеличения: домбра, рисование, вокал, терме. Также мы поддержали и участие в этом проекте. Мы уже видим положительные результаты ее участия в конкурсе: она занимается любимым делом и работает на трех работах. Чтобы вырастить победительницу, нужно помочь дочери поставить цель и настроить смело идти к ее реализации.  

Бала кезінен әкесі екеуміз Индираның домбыра, сурет, вокал, терме өнерін шыңдауын қолдадық. Осы жобаға да қатысуын қолдадық. Қазірдің өзінде байқауға қатысуының оң нәтижесін көріп отырмыз: ол өзінің сүйікті ісімен айналыса отырып, үш жұмыс орнында жұмыс істейді. Жеңімпазды тәрбиелеу үшін қызыңызға мақсат қоюға және оны жүзеге асыруға батыл қадам жасауға көмектесу керек.

«Мисс Актау – 2021» Сымбат Абылаева

«Ақтау аруы – 2021» Сымбат Абылаева

Фото из архива Сымбат Абылаевой 

Сымбат, зачем вы участвуете в конкурсе? Какими качествами, по-вашему, должна обладать победительница?

Сымбат, сіз неге конкурсқа қатыстыңыз? Сіздің ойыңызша, жеңімпазда қандай қасиеттер болуы керек?

В конкурсе красоты я участвую по двум причинам – это моя детская мечта и в будущем я планирую работать профессиональной моделью. Хочу стать известной и востребованной в данной сфере и работать за границей. Я посещаю финтес-зал, ухаживаю за собой и не забываю о том, что, помимо внешней красоты, важна внутренняя. Я стараюсь выделять время для чтения книг и заниматься медитацией. Чтобы победить в конкурсе, думаю, важны такие качества, как целеустремленность, дисциплина и ответственность. Без этих качеств победить было бы сложно. Также хочу выразить благодарность основателям школы моделей New Face Aktau Жулдыз Дузмагамбетовой и Алие Мергембаевой за веру в меня и поддержку на протяжении подготовки к конкурсу.

Мен сұлулық байқауына екі себеп бойынша қатыстым – бұл менің бала күнгі арманым және болашақта кәсіби модель болып жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Осы салада танымал әрі сұранысқа ие болып, шетелде жұмыс істегім келеді. Мен фитнес залына барамын, өзімді күтемін және сыртқы сұлулықтан басқа ішкі дүние маңызды екенін ұмытпаймын. Мен кітап оқуға, медитацияға уақыт бөлуге тырысамын. Байқауда жеңіске жету үшін ынталылық, тәртіптілік, жауапкершілік сияқты қасиеттер маңызды деп ойлаймын. Осы қасиеттерсіз жеңіске жету қиын болар еді. Сондай-ақ «New Face Aktau» модельдер мектебінің негізін қалаушылар Жұлдыз Дүзмағамбетова мен Әлия Мергембаеваға маған сенім білдіріп, байқауға дайындық кезінде қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіргім келеді.

Фото из архива Сымбат Абылаевой 

Как вы отреагировали на участие Сымбат в конкурсе? Поделитесь советом, как вырастить победительницу.

Сымбаттың байқауға қатысуын қалай қабылдадыңыз? Жеңімпазды қалай өсіру керек, сол жайлы кеңесіңізді берсеңіз.

Я не препятствовала участию Сымбат в конкурсе, потому что это было ее давней мечтой. Я ее поддержала. Я горжусь победой своей дочери, потому что теперь она несет большую ответственность: Сымбат – лицо нашего города и будет представлять его на республиканском конкурсе. Уверена, что этот титул поможет ей добиваться успеха в дальнейшем, так как она планирует дальше работать в модельной сфере. Чтобы вырастить победительницу, нужно прививать ей хорошие качества с раннего детства. Помочь ей найти свою страсть в этой жизни, не навязывать свое мнение. Мой совет другим мамам: не скупитесь на похвалу, какой бы путь ни выбрал ваш ребенок, и тогда вы увидите, как он вырастет победителем.

Мен Сымбаттың байқауға қатысуына еш кедергі болған жоқпын, өйткені бұл оның бұрынғы арманы еді. Мен оны қолдадым. Мен қызымның жеңісін мақтан тұтамын, өйткені қазір оның мойнында үлкен жауапкершілік – Сымбат – қаламыздың тұлғасы болып табылады және республикамызды таныстыратын болады. Бұл атақ оның болашақта жетістікке жетуіне көмектесетініне сенімдімін, өйткені ол модельдік салада жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр. Жеңімпазды тәрбиелеу үшін оның бойына бала кезінен жақсы қасиеттерді сіңіру керек. Оған өз пікіріңізді таңуға емес, оның осы өмірдегі құмарлығын табуға көмектесіңіз. Басқа аналарға берер кеңесім: балаңыз қай жолды таңдаса да, мақтауға жомарт болыңыз, сонда сіз оның жеңімпаз болып өскенін көресіз.

«Мисс Усть-Каменогорск – 2021» Алина Егорова

«Өскемен аруы – 2021» Алина Егорова

Фото из архива Алины Егоровой

Алина, зачем вы участвуете в конкурсе? Какими качествами, по-вашему, должна обладать победительница?

Алина, сіз неге конкурсқа қатыстыңыз? Сіздің ойыңызша, жеңімпазда қандай қасиеттер болуы керек?

Участие в конкурсе не было моей мечтой, и я никогда не планировала это, просто наблюдала за знакомыми девочками-участницами. Это была случайность. Мне написали организаторы и предложили принять участие в конкурсе. В итоге я прошла не только отборочный тур, но и победила в конкурсе. Это было для меня неожиданностью. Думаю, чтобы победить в конкурсе, нужно быть интересной личностью и мотивировать других. Если у вас редкая профессия или какое-то особое хобби, то это более ценно. В инстаграме мы все красивые и хорошие, но о нас должны также говорить наши достижения. Красивая внешность – это бонус и дополнение нашей личности.

Байқауға қатысу менің арманым да емес, мен оны ешқашан жоспарлаған да емеспін, тек таныс қыздардың қатысуын тамашалайтынмын. Бұл болжанбаған кездейсоқтық болды. Ұйымдастырушылар маған хат жазып, байқауға қатысуды ұсынды. Нәтижесінде іріктеу кезеңінен өтіп қана қоймай, байқауда да жеңіске жеттім. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Байқауда жеңіске жету үшін қызықты адам болып, басқаларды ынталандыру керек деп ойлаймын. Егер сізде сирек кездесетін мамандық немесе ерекше хобби болса, онда бұл әлдеқайда құнды. Инстаграмда біз бәріміз әдемі және жақсымыз, бірақ біздің жетістіктеріміз де біз туралы айтуы керек. Ал сымбаттылық - тұлғамызды толықтыратын бонус.

Фото из архива Алины Егоровой

Как вы отреагировали на участие Алины в конкурсе? Поделитесь советом, как вырастить победительницу.

Алинаның байқауға қатысуын қалай қабылдадыңыз? Жеңімпазды қалай өсіру керек, сол жайлы кеңесіңізді берсеңіз.

В наше время молодые начинают проявлять свою самостоятельность раньше, чем мы, родители, будем к ней готовы. Уже в 15 лет Алина начала свое маленькое кондитерское дело. Ее красота – это и внешние, и внутренние ее качества. Я всегда поддерживала любые начинания Алины, и конкурс не стал исключением. Победа, да и само участие в конкурсе помогают поверить в свои возможности, стать более свободной, раскрепощенной и чувствовать себя увереннее в любой ситуации. Чтобы вырастить победительницу или победителя, нужно всегда уважать выбор своих детей, тогда они в ответ сделают все, чтобы вы ими гордились.

Біздің заманымызда жастар өз тәуелсіздігін біз, ата-аналар оған дайын болғаннан ерте көрсете бастайды. Алина 15 жасында өзінің шағын кондитерлік ісін бастады. Оның сұлулығы - сыртқы және ішкі қасиеттері болып табылады. Мен әрқашан Алинаның кез келген бастамасын қолдадым, бұл байқау да тыс жайт болған жоқ. Жеңіс те, жарысқа қатысудың өзі де олардың өз мүмкіндіктеріне сенуге, еркін болуға және кез келген жағдайда өзін сенімдірек сезінуге көмектеседі. Жеңімпазды немесе жеңімпазды тәрбиелеу үшін сіз әрқашан балаларыңыздың таңдауын құрметтеуіңіз керек, сонда олар сізге мақтаныш болу үшін бәрін жасайды.

«Мисс Талдыкорган – 2021» Рауаш Рүстемкызы

«Талдықорған аруы – 2021» Рауаш Рүстемқызы

Фото из архива Рауаш Рүстемкызы

Рауаш, зачем вы участвуете в конкурсе? Какими качествами, по-вашему, должна обладать победительница?

Рауаш, сіз неге конкурсқа қатыстыңыз? Сіздің ойыңызша, жеңімпазда қандай қасиеттер болуы керек?

Участие в конкурсе для меня – это большой опыт. Это один из этапов моей жизни, который дает мне возможность реализовываться и совершенствоваться. Когда я услышала о конкурсе, то решила, что должна обязательно принять в нем участие. Большую часть дня я провожу в балетном зале – это мое любимое дело. Так я поддерживаю красоту своего тела, но, разумеется, не менее важно развиваться духовно. Нужно быть образованным и всесторонне развитым. Чтобы победить в конкурсе, нужно уметь преодолевать волнение перед выходом на сцену или подиум, не забывать о хороших манерах, верить в себя и показывать свои самые сильные стороны.

Байқауға қатысу мен үшін үлкен тәжірибе. Маған мақсаттарымды жүзеге асыруға, жақсаруға мүмкіндік беретін өмірімнің бір кезеңі болып табылады. Байқау туралы ести сала, міндетті түрде қатысуым керек деп шештім. Мен күнмнің зор бөлігін балет залында өткіземін - бұл менің сүйікті ісім. Мен өз денемнің сұлулығын осылай сақтаймын, бірақ, әрине, рухани даму да маңызды. Білімді, жан-жақты дамыған болу керек. Байқауда жеңіске жету үшін сахнаға немесе подиумға шықпас бұрын толқуды жеңе білу керек, әдептілік туралы ұмытпай, өз-өзімізге сеніп, ең күшті жақтарымызды көрсете білуіміз керек.

Фото из архива Рауаш Рүстемкызы

Как вы отреагировали на участие Рауаш в конкурсе? Поделитесь советом, как вырастить победительницу.

Рауаштың байқауға қатысуын қалай қабылдадыңыз? Жеңімпазды қалай өсіру керек, сол жайлы кеңесіңізді берсеңіз.

Мне приятно видеть мою девочку такой прекрасной, и, конечно, я очень ей горжусь. Когда я узнала, что моя дочка хочет участвовать в этом конкурсе, я ее полностью поддержала – на то я и мама, чтобы всегда быть рядом и верить в нее. Я считаю, что участие в этом конкурсе повлияет на ее продвижение в жизни и даст толчок позитивным переменам в моральном и социальном плане. Чтобы вырастить победительницу, нужно всегда доверять, верить и гордиться своей дочерью. Мама не должна свою дочь закрывать, она должна помогать ей раскрепоститься и продвигать ее таланты. Учить дочь видеть свои цели, добиваться их и развивать широкий кругозор.

Мен қызымның соншалықты әдемі болғанына қуаныштымын, әрине, мен оны мақтан тұтамын. Қызымның осы байқауға қатысқысы келетінін білгенде, мен оны толық қолдадым – анасымын ғой, әрқашан қасында болып, оған сенемін. Бұл байқауға қатысу оның өмірдегі ілгерілеуіне әсер етіп, моральдық және әлеуметтік тұрғыдан оң өзгерістерге серпін береді деп ойлаймын. Жеңімпазды тәрбиелеу үшін сіз әрқашан қызыңызға сенуіңіз, мақтануыңыз керек. Анасы қызын жаппауы керек, ол оның бостандыққа шығуына және оның талантын насихаттауға көмектесуі керек. Қызыңызға өз мақсаттарын көруге, оларға жетуге және кең көзқарасты дамытуға үйретіңіз.