Мөлдір, топ құру кімнің идеясы болды?
Шәкірт тәрбиелеу біраз уақыттан бері ойымда бар болатын. Себепкер өзімнің ұстазым Төлешова Люция апай. Магитратураны тәмамдағаннан соң апайым ұстаздыққа дайынсыңдар. Білімдеріңмен бөлісіңдер, шәкірт алыңдар» деген сөздеріне құлақ астым. Содан міне араға жеті жыл салып шәкірт тәрбиелеуге бел будым.
Қыздарды қалай таңдап алдыңыз?
400 – ге жуық қыздар қатысқан өте ауқымды іріктеу үш күнге, жеті турға созылды. Дауыстары тыңдалды, биге икемдері қарастырылды, арнайы сұхбат жүргізілді, студияда дауыс басу, камерамен жұмыс жасау, фотосессия, тағысын тағы, жан-жақты тыңдап, қарап, іріктеп төрт қызға тоқталдым.
Топтың атауын кім таңдады?
Топтың атауын қою өте ауыр болды. ұзақ уақыт ойлануға тура келді. Тоқетерін “NAZAR” деп топ мүшелері төрт қызым өздері ұсынды. Біраз уақыт ойланып, жанашырларыммен ақылдасып осы атауды қабылдадық.
Саны көп квартеттерден қалай ерекшеленесіздер? Қандай өзгешелік болмақ?
Жанды дауыста мағыналы, есті әндер орындау міндеттелген. Ашық әурет жерлерін көрсетпейді. Тәртіп – басты талабым. Әртүрлі жанрда ән шырқайтын болады.
Жеке шығармашылық пен топты қатар алу қиын болмай ма?
Жеке шығармашылық пен топ жұмысын қатар алу оңай емес. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Қолдан келгенше үлгеруге тырысып бағатын боламыз. Алла бұйырғанын көрерміз.