Картинка
Новости

"Меломен" тобы Жан Ахмадиевті қолдады

Күні кеше «Меломен» тобының әншісі Ролан Қазретов өз парақшасына қамшы ұстап, ат жетектеген суретін салып, Жан Ахмадиевке үндеу жасады. «Ал, Жандос бауырым саған жігіттер қамшы сыйлап жатса, жөзөкшелер мен Байзақова сияқты ақымақтарды сабайтын болсаң, біз саған қамшымен қоса мына атты сыйлаймыз! Атқа мін де, қолыңа қамшыңды алып, Алматыны арсыздардан тазала! Жолда «Ninety one – ды» да сабауды ұмытпа!!!»

Осылай сәлемдеме жолдаған әншіге пікір жазушылар тобы екіге бөлінді. Қарсы топтың арасында түнгі көбелектерді қолдаушылар да, «Ninety one» тобын тілге тиек еткеніне нараздық тудырушылар да табылған.

«Ninety one» тобына қатысты «Меломендік» жігіт: «Біз оларды жек көрмейміз. Өнерін бағалаймыз. Бірақ, ұлт бұзылмау керек. Тектілікті сақтау қажет» деп өз ойын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Жан Ахмадиевтің қамшымен көшедегі жөзөкші қыздарды сабауына бір топ өнер иелері қарсы шыққан еді. Олардың арасында Баян Мақсатқызы, Айсәуле Бақытбек, Тимур Балу, Аша Матай секілді танымал тұлғалар бар. Бұл видео үлкен дау туғызып, тіпті, құқық бұзушылыққа саналып, заң жүзінде де іс қарастырылған-мыс. Алайда, рэпер ешкімді ұрмағанын, бейнероликтегі қыздар өзінің келіншегі мен таныстары екенін мәлімдеді.