Картинка
Новости

Мәди Рымбаев шоу-бизнес әлеміне алғашқы қадамын жасады

Ән ырғақты, көңілді және әрине, махаббат жайлы. Тіпті, үлкен ағасы Әли Оқаповтың стилінде десе болады. Бұл Мәдидің алғаш ән орындауы емес. Осы жылдың наурыз айында Мәди Әлимен бірге Астанада өткен анасының сахнада жүргеніне 40 жыл толуына орай ұйымдастырылған концертте ән айтқан болатын. Ол жас жеткіншектің Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында анасына жасаған сыйлығы еді.

Біз Мәди шоу-бизнес әлеміне жасаған алғашқы қадамымен құттықтап, ендігі кезекте әнге түсірілген бейнебаянды күтеміз.