Айсұлу (28 жас, ажырасқан, балалары жоқ)
Махаббатсыз секс бар. Оның дәлелі - жазғыз басты аналар. Әйелді екіқабат қылып тастап кеткен еркекте махаббат сезімі жоқ деп білемін. Ал секссіз махаббат? Ол да мүмкін. Мысалы, мен өзімнің ата-анамды, үй жануарларымды жақсы көремін. Алайда, олармен жыныстық қатынасқа түспеймін ғой. Демек, жыныстық қатынассыз да махаббат болады.
Құралай (27 жас, отбасылы, бір баланың анасы)
Махаббат пен секс әрқашан бірге жүреді. Секс - адамдардың физиологиялық қажеттілігі. Секс арқылы біз ұрпақ жалғастырамыз. Ал махаббатқа келгенде, бұл жерде бәрі әлдеқайда күрделірек. Біз біреуді жақсы көргенде бірден секс туралы ойламаймыз ғой. Бұл жерде алдыңғы қатарға сезім мен эмоциялар шығады. Адам қуаныш, қайғы, реніж, т.б. сезімдеріне жиі беріледі. Ләззат алу екінші кезекте тұрады. Махаббат сезімі адамдарды жыныстық қатынасқа итермелейді. Керісінше емес.
Ал махаббатсыз жыныстық қатынасқа түскен жұпта бір адам міндетті түрде эмоциялық күйзеліске ұшырайды. Бұндай жұпта адамдар бақытты болмайды. Сондықтан, меніңше махаббатсыз секс мүмкін емес.
Жансая (31 жас, басы бос)
Бір жынысты қатынас пен пробиркадан шыққан сәбилер бар дүниеде бәрі де мүмкін деп ойлаймын. Өмірде түрлі жағдайлар орын алып жатады. Сондықтан, махаббатсыз секс те, секссіз махаббат та әбден мүмкін.
Раушан (54 жас, екі баланың анасы)
Махаббатсыз секс те, секссіз махаббат та мүмкін. Кейбір қыздар бар, қымбат сыйлықтар үшін, көңіл үшін арын сатуға дайын. Немесе, курорттық романдарды алып қараңыз. Махаббаттың иісі де жоқ. Тек секс.
Сол сияқты, небір ақындар, жазушылар, суретшілер бар. Өмір бойы бір әйелді муза ретінде көріп өтеді. Секс түгіл, қолынан да бір ұстай алмайды. Бірақ, шын жақсы көреді. Сондықтан, былай да, былай да мүмкін.
Арман (27 жас, екі баланың әкесі)
Тумасынан ағзасында жыныстық гормондардың саны көп әйелдер бар. Оларды нифоман деп атайды. Әдетте, ондай әйелдерге бір адаммен жыныстық қатынасқа түскен аз көрінеді. Сондықтан, олар бірнеше рет жұп алмастыру мүмкін. Бұл нағыз махаббатсыз секстің көрінісі ғой. Меніңше, секстің саны емес, сапасы маңыздырақ.
Махаббатсыз секстің тағы бір себебі - әйелдің жұмысқа беріліп кетуі. Оларда толыққанды қарым-қатынас құруға уақыты жоқ. Сол себептен, физиологиялық қажеттілігін көрінген еркекпен өтейді.
Бірақ, секссіз махаббат та мүмкін. Мысалы, адамдар түрлі қалада тұрады, бірін бірі жақсы көреді. Жыныстық қатынастың жоқтығы олардың сезіміне еш әсер етпейді.
Қайрат (31 жас, бойдақ)
Менің ойымша, махаббатсыз секс бар, ол құмарлық деп аталады. Ал құмарлықсыз сексті елестете алмаймын. Ол спорт сияқты болып кететін сияқты. Ал махаббат жыныстық қатынассыз бола алмайды. Адамдар бір-бірін жақсы көргенде, олар физиологиялық деңгейде бір-біріне тартылмаулары мүмкін емес.
Хамит (35 жас, үш баланың әкесі)
Махаббатсыз секс бар. Жезөкшелерге баратын еркектер ол әйелдерді жақсы көрмейді ғой. Құмарлығын қандыру үшін ғана барады. Ер адамдар үшін секс өте маңызды. Біз әйелді жақсы көрсек, міндетті түрде онымен жыныстық қатынасқа түскіміз келеді. Ер адамның өз әйелінің көзіне шөп салмаудың жалғыз жолы - олардың арасындағы жыныстық қатынастың жақсы болуы. Секспен айналысудан бас тартарын әйелдердің күйеулері міндетті түрде басқа әйел табады.
Досали (31 жас, ажырасқан, бір баланың әкесі)
Махаббатсыз секс бар. Секс деген не? Жай ғана физиологиялық қажеттілік. Жуыну, тамақтану сияқты. Қарныңыз аш болса, ұнамайтын тамақты да жей бересіз ғой. Секс те дәл сол сияқты: аш болсаң, махаббат қашан келеді деп күтпейсің. Сол себепті, меніңше, секс пен махаббаты мүлдем салыстыруға болмайды. Тіпті, сексті отбасы фундаменті ретінде қарастыруға болмайды. Әйелін жақсы көріп тұрып, басқа қызбен секспен айналысу мүмкін емес дейсіздер ме? Мүмкін! Ол әйелдер тек жақсы көрген адаммен ғана төсекке жата алады. Ер азаматтарда жақсы көру деген шарт жоқ. Сондықтан, бір рет көзіме шөп салды деп ажырасып кетіп жатқан әйелдер қателеседі. Ол сені жақсы көрмегендіктен барған жоқ басқаға, сексті жақсы көргендіктен барды. Түсінуге қиын шығар, бірақ солай.
Ал секссіз махаббат...білмеймін. Менде ондай болған жоқ. Жақсы көрген қыздардың барлығымен төсекке жатып шықтым.