«Қазақ аруы-2018» байқауына бұдан былай өз елімізден бөлек Түркия, Монғолия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінің ең сұлу қазақ қыздары қатыса алады.
Аталмыш елдегі қандас аруларымыздың үздігін таңдау үшін арнайы әділқазылар мүшесі дайындалған. Олардың қатарында жұлдызды қазылар да бар. Мысалы, Айқын – Қырғызстандық, Ғазизхан –Монғолиядағы қазақтың сұлуын, Кәмшат – Түркия мен Ресейдегі аруларды, ал Айша Байбосынова – Өзбекстандағы қазақтың ең сұлу қызын таңдауға ат салыспақ.
Сұлу да ақылды арулар 18-наурыз күні Республика Сарайында өтетін шешуші кезеңде бақ сынайтын болады. Республика сарайына бара алмаған жандар аталмыш бәйгенің телевизиялық нұсқасын "Kazakh TV" арнасынан тамашалай алады. Ал, жүзден жүйрік шыққан ару тек бағалы тәжге және «Әлем қазақ аруы-2018» атағына ғана ие болмайды, сонымен қатар Баян Мақсатқызының болашақ тележобаларына түсіп, жұлдыздық өмірге қадам басады. Айтпақшы, болашақ «Әлем қазақ аруы -2018» жеңімпазының салмағы 53 келіден аспайды. Бойы 170 см төмен болмасы анық. Бастысы, қазақ тілінде еркін сөйлейтін, салт-дәстүрді жетік меңгерген, өнерлі, ақылына көркі сай ару болмақ. Ендеше, барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз.