Картинка
Рецепты

Көже әзірлей білесіз бе?

Көже – біздің ұлттық тағамымыз. Наурыз көже келер жылғы молшылық, берекенің белгісі ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленеді. Кеспе көже, оны жасау үшін жұқа жайылған қамырды орамалап бүктеп, арнаулы пышақпен кесілген жіңішке кеспені еті сүзіліп алынған сорпаға қатты қайната отырып себелеп салады.

Салма Көжені жайған жұқа қамырды төрт бұрышты етіп кесіп жасайды. Тары Көжені тарыны сорпаға, сүтке бөктіріп жасайды. Бидай Көжені келіге түйіп, кебегі алынып, аздап жармаланған бидайды етпен бірге қайнатып пісіреді. Мұны да қайнаған соң, бұқтырып алады. Міне көженің дайындалу әдісі осындай

Тары көже

Құрамы:

  • 1л су
  • 150г тары
  • 100г қатық
  • 1 шәй қасық тұз

Тары көженің дайындалуы:
Тары алдын-ала дайындалады.
Қазанға су құйылып,тұз салынады. Содан тарымызды 10-15 минут қайнатылып, шала пісіріледі.
Үстіне қатық құйылып, тұз, салынады да, тағы да 15-20 минут қайнатылады. Тары көжеміз дайын. Қалауыңызша сары май қосуға да болады.

Наурыз көже

  құрамы:

  • 0,5 кг жылқы еті
  • 100гр қазы
  • 0,5кг қой еті
  • 2,5лит су
  • 100 грамм бидай
  • 100 грамм күріш
  • 100 грамм жарма
  • 100г тары
  • тұз;
  • айран-1 стақан;
  • құрт

Наурыз көже дайындау әдісі:
Етті жуып, қазанға суға саламыз. Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз. Ет піскенше отын басып қоямыз. Күріш, бидай, жарма тарыны қосып, пісіреміз. Барлығы піскен соң айранды құйып жақсылап араластырамыз.