Картинка
Секс

Контрацепция туралы 15 миф

Миф 1: алғашқы жыныстық қатынас кезінде жүкті болу мүмкін емес

Бұл ең көп таралған мифтердің бірі. Бұндай ақпаратты қыздар физиологиясын білмейтін ер адамдар айтса бір жөн. Алайда, қыздардың да бұл ақпаратқа сенетіні - таңқаларлық жайт. Бала пайда болу үшін тек сперматазоид пен аналық жасуша керек. Ал аналық жасуша еттекір периоды бар әрбір қызда бар. Яғни шамамен 12 жастан бастап қыз бала жүкті бола алады. Ал алғашқы жыныстық қатынас, әрине одан әлдеқайда кеш орына алады.

 Миф 2: бала емізіп жүрген әйел жүкті болмайды

Дәл осы мифтің кесірінен көптеген әйел адамдар аборт жасатып жатады. Ия, бала емізген кезде әйел адамның организмінде репродукция функциясын басатын гормондар бөлінеді. Олар жеткілікті мөлшерде бөліну үшін, ана баланы жиі әрі көп емізу керек. Бірақ, уақыт өте (шамамен бір жылдан кейін) аналар бала емізуде азайтады. Сол кезде әйел организмінде етеккір циклы қайта қалыпқа келеді. Бірақ, кейбір әйелдердің етеккір циклы босанғаннан кейін 3-4 апта ішінде де қалыпқа келіп жатады.

Миф 3: етеккір кезінде жүкті болу мүмкін емес 

Бұл мифке сенетін жас қыздар, көп жағдайда жоспарланбаған жүктілікпен кездесіп жатады. Әрине, етеккір кезінде жүкті болудың мүмкіндігі аз, бірақ мүлдем жоқ емес. Мәселе мынада: ер адамның сперматазоидтары бірнеше күнге дейін "тірі" болып, ұрықтандыру белсенділігін сақтайды. Сол себептен, етеккір кезінде әйел адамның ағзасына түскен сперматазоид, аналық жасушаны ұрықтандырып үлгеруі мүмкін.

Миф 4: жүкті болмайтын күндерді күнтізбелік тәсілмен есептеп шығуға болады

Жүктілік овуляция кезінде болатынын білеміз. Овуляцияны санап, анықтайтын күнтізбелі тәсілдер де бар. Бірақ, анықтағанның өзінде де, бұл тәсіл 100% кепілдік бермейді. Соның өзінде де бұл тәсіл тек етеккір циклы қалыпты, тұрықты әйелдерге келеді. Ал егер сіздің етеккір циклыңыз қалыпсыз болса, ағзаңызда симптомсыз жүретін ауру бар болса, түрлі адамдармен ретсіз жынсытық контак орын алып тұрса, күнтізбелік әдіске де, басқа контрацепция әдістеріне де жүгінбегеніңіз абзал. 

Миф 5: жыныстық қатынастан кейін қынапты бүркіп жуу жеткілікті

Медицинаға еш қатысы жоқ бұл әдіс тек денсаулықты құртуға көмектеседі. Бірақ жүктіліктен қорғамайды. Әрине, сперматазоидтар қышқыл ортада өмір сүре алмайды. Алайда, кеңінен талаған сірке су қоспасы, лимон шырыны, сабын және т.б. нәрселермен қынапты терең әрі жеткілікті бүркіп жуу мүмкін емес.

Миф 6: жыныстық қатынастан кейін бірден арнайы жаттығулар жасау керек

Көп жағдайда бұндай жаттығуларға отырып-тұру және бір орында секіруді жатқызады. Ағзаға енгін сперматазоидттарды қайта шығару мақсатымен болуы керек. Алайда, сонша қиналмай, барып шай ішіп келуге де болады. Жыныстық қатынастан кейінгі арнайы жаттығулар жүктіліктен дәл сол шай ішу сияқты қорғайды.

Миф 7: жүкті болмау үшін, жыныстық қатынастан кейін кіші дәрет алу керек

Әйел адамдар емес, ер адамдар жүкті болатын болса, бұл тұжырым ақиқат болар еді. Себебі ерлердің сперма және нәсеп шығатын каналы бір. Ал әйел адамда несеп шығатын канал "ұрықтанатын каналдан" мүлдем бөлек.

Миф 8: үзілген жыныстық қатынас - жүкті болмаудың кепілі

 Шын мәнінде, спертамазоидтардың бір бөлігі ұрық шашуға дейін әйел адамның ағзасына еніп кетуі мүмкін. Ал ұрықтану процессі үшін тек бір сперматазоид болса жеткілікті.

Миф 9: Жүктіліктен сақтайтын дәрелерден әйелдер семіріп кетеді

Заманауи контрацептивтер салмақ қоспақ түгіл, тіпті әйел адамның шашын, терісін жақсартып, беттегі безеулерді азайтып, ретсіз етеккір циклын реттеп, етеккір кезіндегі аурыларды емдейді. Ал арнайы зерттеуелдің нәтижесінде контрацептивті дәрілер қолданып жүріп салмақ жинаған әйелдердің, көп жағдайда тамақтаму процессі дұрыс емес екені анықталған.

Миф 10: Жүктіліктен сақтайтын дәрілер 100% сенімді

Шын мәнінде контрацептивтердің ешбір түрі 100% кепілдік бермейді. Жүктіліктен сақтайтын дәрілерді қабылдап бала көтеріп қалу мүмкіндігі тек 0,3%. Алайда, бұл да тек дәрілерді уақытылы қабылдайтын әйелдердің көрсеткіші. Көбінесе әйелдер дәрі қабылдауды ұмытып кетіп жатады, немесе уақытылы қабылдамайды.

Миф 11: жедел контрацепцияға әрбір жыныстық қатынастан кейін жүгінуге болады

Жедел контрацепцияны жүкті болудан қорғану тәсілі ретінде мүлдем қарастыруға болмайды. Бұл тек шектен тыс кездерде қолдануға болатын әдіс. Жедел контрацепция дәрілерінің құрамындағы гормондар саны қалыпты контрацепция гормондарынан 6 есе көп болады. Сондықтар оларды жылына 1-2 қана қолдануға болады. 

Миф 12: презервативтің сақтау мерзімі шексіз

Олай емес. Кез-келген нәрсе сияқты презервативтің де сақтау мерзімі болады. Одан кейін презерватив жасалған материал өз қасиеттерін жоғалта бастайды. Яғни, жоспарланбаған жүктіліктен қорғамайды.

Миф 13: жыныстық қатынастың кейбір позалары жүктіліктен қорғайды

Көп жағдайда бұндай позаларға жыныстық қатынаспен тұрып айналысқанды жатқызады. Алайда, әйелдің ағзасына түскен сперматазоидқа қай жаққа қарай қозғалу маңызды емес. Жүкті болуға көмектесетін позалар бар, алайда жүктіліктін қорғайтын позалар жоқ.

Миф 14: климакс басталғаннан кейін жүркі болу мүмкін емес

Бұл жалған ақпараттың арқасында көптеген әйелдер 40 жастан кейін бала көтеріп қалып жатыр. Әйел адамның ағзасы менопауза басталғаннан кейін де 1-2 жал бойы бала көтеру мүмкіндігін сақтап тұрады.

Миф 15: жыныстық қатынастан кейін ыстық ванна қабылдау керек

Көп қыздар ыстық су жүкті болудан сақтайды деп ойлайды. Алайда, жоғарыда айтып кеткен жаттығулар сияқыт, әйел адамның ағзасын енген сперматазоидтерді сыртқы әсердің көмегімен шығару мүмкін емес.

Көріп тұрғандай, жүкті болудан 100% сақтайтын контрацепция түрі жоқ. Сондықтан, жыныстық қатынасқа түспес бұрын, сіз қаншалықты ана болуға дайынсыз, соны анықтаңыз. Дәл осы адамнан бала көтергеніңізді қалайсыз ба? Артынан бармағыңызды тістеп отырмау үшін, жыныстық қатынасқа тек некеңіз қиылған адаммен түскен дұрыс.