Картинка
Секс

Әйелдердің өз-өзін қанағаттандыруы: пайдасы мен зияны

Мастурбациямен еркектер де, әйелдер де айналысады. Еркектерге қарағанда әйелдер қауымы үшін мастурбация өз-өзін қанағаттардыруға бағытталған іс қана емес. Әйелдер өз-өзіне тек қолмен ғана емес, өзге де нәрселермен ләззат сыйлай алады. Ғалымдардың айтуынша мастурбацияның адам ағзасына зиянынан гөрі пайдалы жағы көп. 

Әйелдер мастурбациямен айналысқанда өз-өзін қанағаттардырып қана қоймайды, сонымен қатар өз денесін тереңірек тану мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар бұл процесс әйелге ер адаммен жақындасуға және әдеттегі жыныстық қатынасқа түскенде өзін еркін ұстауға көмектеседі. 

Мастурбация адамға өз денесін дұрыс танып, сексуалдық талаптарын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар интимдік сәттерге дайындайды. Яғни, жыныстық қатынас кезінде ләззат алуға мүмкіндік беретін қосымша стимул. Мастурбациямен айналысытын әйелдер өздерін қандай әдістер қоздыратынын жақсы біледі. 

Өз-өзін қанағаттандырудан басқа, мастурбацияның келесі ағзаға пайдалы қасиеттері бар:

  • бел омыртқасында пайда болатын ауру синдромдарын азайтады
  • етеккірдың алдында болатын деперссия, жүйке қозуы, көңіл-күндің күрт өзгеруі сияқты симптомдарты азайтады
  • жұмыстан кейін бойын еркін ұстауға көмектеседі
  • етеккір кезіндегі тарылу симптомдарын азайтады
  • етеккір кезіндегі ауру синдромдарын азайтады

Осылайша, маструбация әйел адамдардың тек физиологилық емес, сонымен қатар эмоционалдық халін жақсартады. 

Ал зиян жақтары ше?

Әрине, мастурбацияның зиян жақтары да бар. Көп жағдайда бұл мастурбация жасауға арналған құрылғылардың гигиенасы сақталмағандықтан пайда болатын аурулар. Сол себептен, бөтен біреудің құрылғыларын алуға, не болмаса оларды тазаламай қолдануға қатаң тыйым салынады.