Картинка
Секс

Әйел оргазмы туралы миф пен шындық

Оргазмның жоқ болуы жыныстық салқындықтың белгісі

Миф. Статистика бойынша қалыпты және ретті жыныстық қатынаспен айнлысатын әйелдердің жартысы оргазм сезінеді. 35% әйелдер кейде ғана оргазмға қол жеткізсе, 13% әйелдерге бұл сезім мүлдем таныс емес. Сонымен қатар қалған әйелдердің тек 2% ғана жыныстық қатынасқа салқындық танытады. Себебі оргазмды сезінбеу аноргазм деп аталады, ал жыныстық қатынасқа салқындық таныту - бұл жыныстық қатынасқа деген құштарлықтық жоқ болуы. 

Қынаптық оргазм деліткілік оргазмнан маңызды

Миф. Қынаптық оргазм деліткілік оргазмнан маңызды деген тұжырымды ойлап тапқан Зигмунд Фрейд. Оның ойынша деліткілік оргазмд психологиялық тұрғыдан жетілмеген адамдарда болады. Қазір бұл тұжырым жоққа шығаралып, сексологтар әр оргазмды бөлек қарастырады. 

Екі адамның бір уақытты оргазм сезінгені дұрыс

Шындық. Ерлі-зайыптылардың екеуі де бір уақытта оргазм сезіну психологиялық тұрғыдан өте жақсы болып табылады. Бұны ғылыми түрде Альфред Кинси дәлелдеді. 

Мастурбация оргазм алуды қиындатады

Шындық. Анығырақ айтқанда, мастурбацияның өзі оргазм алуға еш кедергі келтірмейді. Керісінше, оның жағымды жақтары бар. Алайда, шынайы өмірдегі жыныстық қатынас вибратор немесе душтың суымен салыстыратындай ләззат бермейді. Ал сіз тек сондай тәсілмен ләззат алып үйренсеңіз, төсектегі адаммен оргазмға қол жеткізу қиын болады.

Әйелдерде де шәует шығару мүмкіндігі бар

Миф. Кейде оргазм кезінде әйелдің қынапынан түссіз сұйықтық бөлінуі мүмкін. Бұл сквиртинг деп аталады. Бұл сұйықтық бұлшықеттердің қысқару барысында бөлінеді. Оның шәует шығаруға еш қатысы жоқ.

Отбасылық қарым-қатынас оргазмның азаюына әкеледі

Миф. Әйел адам неғұрлым ұзақ уақыт отбасылық өмір кешсе, оның оргазм сезінуі соғұрлым жоғары. Себебі сол уақыт ішінде әйел өзінің ерін, оның денесін, қылықтарын жақсы меңгеріп үйренеді. Бұл жыныстық қатынастың еркін өтуін қамтамасыз етеді. Ал ол, өз кезегінде, әйел адамға оргазмға тез әрі оңай жетуге көмектеседі.