Картинка
Секс

Ішкі сыр: әйел ләззаты

Бұл алаңдаушылық, әйелдің өзіне-өзі көңілі толмауы, өзін кем санауы, жүкті болып қалу және жыныс жолдарымен таралатын ауруға шалдығу қорқынышы болуы мүмкін. Ләззат алудың басты негізі - тұрақты серіктің болуы. Менің көптеген құрбыларым жақындық барысында ләззат ала алмайтындарына шағымданады. Бұл неге байланысты және мұны қалай түзетуге болады?

Әйелге қынаптық ләззатқа қарағанда деліктілі ләззат алған оңайырақ. Бұл заңды құбылыс: қанағат сәтіне жетуді көбірек ойлаған сайын, оң нәтижеге жету мүмкіндігі азая түседі. Ақырында, серік өз жарына ләззат сыйлай алмауында өзін кінәласа, әйел серігінің көңілінен шығу үшін өтірік ләззат алғансиды. Әйелдердің жыныстық қатынастан алатын ләззатының ерлердің алатын ләззатына қарағанда өзгеше болатынын білген маңызды: қанағат сәтіне жету жақындықтың міндетті шарты емес. Сүйікті адамыңмен жақындасу, еліру, содан кейін босаңсу жағымды жайт және бұл қалыпты құбылыс. Ләззат алғансу оң шешім емес, алайда өтірік айтқаныңызды мойындау да жағымды іс емес. Көп еркекті осындай шындық алыстатып, олар тіпті болашақта жақындасуға да бармауы мүмкін.

Ләззат алудың басты ережесі – жақындық барлық жағынан жағымды да жайлы болуы тиіс!

Ләззат алу үшін алдымен өзіңіз деліткіңізді уқалап көріңіз. Алайда мұндай уқалау барысының серігіңізбен жыныстық қатынас барысындағы сезіміңізге сәйкес келуі тиіс, кері жағдайда осындай рахатқа үйреніп, еріңізбен болғанда ләззат ала алмайсыз. Қуысыңыздың бұлшық еттеріне арналған Кегель жаттығуы да артық болмас.

Ләззаттың жоғарғы нүктесіне жету үшін серікке сенім білдіру немесе ең болмағанда оны ұнату қажет. Жыныстық жақындыққа тұтастай беріліп, шеткі ойға және сезімдерге алаңдамау қажет. Өз денеңіздің тілін тыңдауды үйреніңіз. Сезімталдықты түрлі жатыстардың, сипаудың, аймалаудың, тағы басқалардың арқасында оятуға тырысуға болады. Сондай-ақ сексологқа жолығу өте пайдалы болуы мүмкін, ол қажет кеңестер мен ұсыныстарды беріп, сексуалды өміріңізді қызығырақ әрі жарқынырақ ете алады. Әйел сексуалдығы икемді болып келеді, ол көптеген жайттарға байланысты: денсаулық қалпы, көңіл күйі, жасы, өмірдік жағдайы т.б. Сондықтан осы процеске шығармашылық тұрғыдан қарау қажет: жаңа эрогенді аймақтарды тауып, түрлі жатыстарды көру керек, бастысы – қанағат сәтіне жетуге қарап қалмай, сүйікті адамыңызбен тұрақты түрде жақындасу мүмкіндігінен ләззат алу.

Енді туудың сексуалды өмірге әсеріне қатысты бірер сөз. Өзімді мысал ретінде келтірейін: маған туу сексуалды өміріме және жақындықтан ләззат алуға ешбір әсер етпеді. Бұл жай ғана кезекті жалған сенім!

Бұл туралы Казнеттің басқа пайдаланушылары былай дейді:

Әсел, 25 жаста. Тұрмыс құрмаған

"Менің ойымша барлығы серігіңе байланысты! Егер ол әйел адамды ләззатқа бөлеу жолын білмесе, қанағат сәтіне жетпейсің. Бұрын мен ондай сезім кешпейтінмін: 10-15 жыныстық қатынаста бір рет болатын. Қазір болса мен оны кездестіргеннен кейін не істеу керектігін білемін және «ең жоғарғы нүктеге» жетуде еш қиындық туындамайды."

Ирина, 30 жаста. Тұрмыс құрған

"Менің ойымша бұл серіктердің арасындағы түсінушілікке және бір-біріне рахат әкелу ниетіне байланысты. Бәріне танымал эрогенді аймақтар бар және осы іске білгірлікпен кіріссе, әрбір әйелді (тіпті «сенімсіз» дегеннің өзін) рахат құшағына малытуға болады. Тырысыңыздар, ерлер! Ал, сіздер, әйелдер оларға көмектесіңіздер!"

P.S. Қымбатты Comode оқырмандары, біз осы тақырыпты талқылаудың оңай емес екендігін түсінеміз. Дегенмен, сайтымыз көбісі айтуға ұялатын нәрселерді білуге қуанышты болар еді. Біз "комодымыздың" сіздер үшін сырласар дос және құпия кеңесші боларына сенімдіміз. Сайтымыздың махаббат пен жыныстық қатынас туралы бөлігі ұнаса, біз сіздерге арнап осы іспеттес мақалаларды жариялауды жалғастырамыз.

Сонымен, сіздің ойыңызша кейбір әйелдердің төсек қатынасынан ләззат алмауының себебі неде? Кімді кінәлау қажет? Осы жағдайдан қалай шығуға болады?

Пікірлеріңізді білуге қуанышты боламыз!