Картинка
Новости

Инстаграм арқылы танылған қазақстандық арулар

Раушан  Ермағанбетова 

@raushan_yermaganbetova

«Қазақ аруы-2012» финалисті, "Мисс Алматы - 2013" атанған Раушан  Ермағанбетова тұрмысқа шыққан соң инстаграм әлемінде аса белсенді емес. Өзінің 88 мыңнан астам оқырманын сағындырып фото, видео салып тұрады. Айтпақшы, бұл аруды көпшілік актриса ретінде де жақсы таниды. Отандық телехикаялардағы рөлдерін сәтті сомдаған Раушан ханымға ибалы келін, адал жар рөлін мінсіз атқарып, аяулы ана бақытын сезінуді тілейміз.

Еркежан Талғатбекова

@erkezhantalgatbekova 

Еркежанның 127 000 астам оқырманы бар. Бұл бикеш - «Қайрат» футбол клубының мүшесі, танымал футболшы Бауыржан Исламханның жары.  Жеке парақшасына тек әдемі бейнесін емес, қолынан шыққан тағамдардың да фотосуреттерін жүктейді. Айтпақшы, Бауыржан мен Еркежан  Ибрагим есімді болашақ футболшыны тәрбиелеп отыр.

Әсел Асқар

@assel.askar 

Бүркіттің қарындасы, Аишаның қайынсіңлісі Әсел Асқардың да оқырмандары аз емес. 252 мыңнан көп оқырмандарға Әселдің оқыған поэзиялары мен өмірге деген көзқарастары ерекше ұнаса керек. Өйткені, дәл осы бағыттағы фото-видеолары ең көп жүрекшелерді жинайды. Əсел жалғызбасты ана болудың қиыншылықтары мен депрессиядан шығу жолдары туралы да өте пайдалы ақпараттар жазады. Себебі, Әсел ұл тәрбиелеп отырған ана.

Ботагөз Балабекова

@bota_070

Оның инста-парақшасына кірген әйелдер қызғаныштан, ал еркектер қызығушылықтан өртеніп кете жаздайды. Себебі, Бота Балабекованың мінсіз мүсініне кез-келген адам тамсана қарайтыны анық. Алайда, «отаның нәтижесі» немесе «сатып алған сұлулық», «жасандылық» деп сынаушылар да аз емес. Үнемі шетелде жүретін Ботаны 370 мыңнан астам адам оқиды. Модель ару осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлан Қонысбаевпен көңіл жарастырған еді. Бірақ, қос ғашықтың махаббат хикаясы сәтсіз аяқталды.

Айым Алтынбаева

@aeka.posh 

Бұл бойжеткеннің шын есімі – Айым. Ол танымал актриса Лидия Каденованың жалғыз ұлы Дидар Каденнің экс-жары. Қазір жеке сұлулық салонын ашып, инста-ханшайымға айналған сұлудың 626 000 астам оқырманы бар. Инстаграмдағы оқырмандар санының көп болуы мен сұлулығының арқасында ол Бүркіт түсірген «Логово» кинокартинасының басты рөлін сомдады. Айым мен Дидардың жолдары бөлек кетсе де, экс-ғашықтарды тоғыстыратын Дияр есімді ұлдары бар. Айым ұлының әкесімен араласуына еш қарсылық білдірмейді.

Анара Батырхан

@anarabatyrkhan 

1,1 млн оқырманы бар, жарнамасы қымбат арулардың бірі де бірегейі Анара Батырхан. 7 арнаның «Гугулет» бағдарламасының жүргізушісі, актриса ханшайымның әзірге бас бос. Парақшасында даналыққа толы философиялық ойларды сирек жазады. Алайда, сұлудың парақшасына кездейсоқ кірген әр қонақ сапалы фотолар мен көңілді видеоларға еріксіз like басып өтеді.