Картинка
Секс

Етеккір кезінде қалай сақтануға болады?

Егер сүйіктіңіз бұл уақыт аралығына қарамастан, сізге қолға салып қоймаса бас тартпаңыз. Бастысы ережелер мен амалдарды іске асыра отырып, сезімге берілгеніңіз дұрыс.

Тазалыққа көңіл бөліңіз. Керуетіңіз бен астыңыздағы жаймаңыз бүлінгенін қаламасаңыз, бірнеше төсекке арналған жайманы пайдаланыңыз. Сондай ақ қасыңызда сүртуге үшін орамалдың болғаны дұрыс.

Классикалық іс әрекеттерді жасаңыз. Секс уақытында көбіне классикалық әрекеттерді орындағын жөн. Себебі, астыңыздан көп қан кетіп қалуы мүмкін. Тағы бір тоқтала кететін жәйт, бұл кездері жатырдың мойыны төмен орналасуы да мүмкін, сол үшін қатты қимыл жасамау керек. Егер бір жеріңіз ауырып, жәйсіз сезінсеңіз, бәрін тоқтатқан дұрыс. Сақ болған абзал.

Секс үшін душ қолайлы. Бұл жер тек тазалықтың кепілі емес, сондай ақ әр түрлі жағдайдың болуына көмектеседі. Егер ванна бөлмесі ыңғайлы болса, бұл жерде неге қалауыңды жасамасқа?

Төсек қатынасына түскен соң, душ қабылда. Еттекір кезінде сезімге беріліп, серігіңізбен жақын қарым қатынаста болғаннан кейін, суға түсіп, жуынуды ұмытпаңыз. Сонда ғана өзіңізді жақсы сезінетін боласыз.

Сақтаныңыз. Мұндай кездері төсек қатынас арқылы көптеген вирустар жұғуы мүмкін. Сондай ақ цикл уақытында жүкті болуып қалуыңызда ғажап емес. Сол үшін мүшеқапты пайдаланып сақтанған дұрыс.

Етеккір кезінде секспен айналысудың артықшылықтары:

Бұл кездері секс уақыты азая түсіп және қажет емес сұйықтықтан арылуыңыз мүмкін. Цикл аралығында болған секс іш ауруларын болдырмауға көмектеседі.