Картинка
Новости

Ерке Есмаханның өміріне қатысты бес дерек

1. Ерке Есмахан шоу-бизнеске Баян Мақсатқызы құрған “Іңкəр” тобы арқылы қадам басты. Топ тағдыры ұзаққа бармады.  Кейін продюсер ханым Еркені жеке əнші ретінде қалыптастырды. Бүгінде SHINE продюсерлік орталығынан бөлек кетіп, жеке жұмыс жасап жүр.

2. Күні кеше сылқым өзінің кезекті бейнебаянын ұсынды. “Аэропорт” атты бұл əн əу баста “Жігіттер” тобының əншісі Бағлан Əбдірайымовтың репертуарына арналған. Күтпеген кездесу барысында шикі əнді естіген Ерке еркелеп Бəкеңнен əнді сұрап алып, бейнебаян түсіріп үлгеріпті. Есмаханның тілімен айтсақ: “бейнебаянды кино сияқты” түсірген режиссер Ернар Нұрғалиев екен. Көпшіліктің жорамалы бойынша аз уақытта бұл бейнебаян да қаралым рекордын жаңартады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, Еркенің бағын жаққан “Қайда” əні болатын. Бүгінгі таңда оның қаралымы 65 млн асады. 

3. Сұлу бикеш тек əнші, модель болуды армандамайды. Ол мықты кино-продюсер ретінде бағын сынап көруді жөн санаған. Бұл бағыттағы алғашқы жұмысы да өз мəресіне жетті. 8-сəуір күні басталған “Кафе Махаббат” атты кинокартинасының түсірілімі аяқталды. Енді монтаж жұмыстары сəтті біткен соң, үлкен экранға жол тартпақ. 

4. Еркенің жеке өмірі - өнерінен де қызықты, актуалды əрі хит тақырып. Экс-жұбайы журналист Асхат Садырбаймен жолдары екі бөлек кетсе де, Мүслім атты ұлдары бар. Нағашы ата-əжесінің қолында өсіп жатқан атқамінер ерекшепысық əрі алғыр. Қазір Еркенің Пішінəйі алты жаста.

5. Басы бос Еркенің жүрегін жаулаған азамат бар деп жорамалдайды көрермен. Ол да өнерге тікелей қатысты азамат. Көпшілік КВН ойындарынан түлеп шыққан асаба Əли Байжұматовпен көңіл жарастырды деген бейресми мəлімет ел арасында кең тарап кетті.