Картинка
Секс

Ерекше жерлердегі экстремалды секс

Киім өлшейтін бөлме

Жазды күні экстремалды секс үшін ең қолайлы жер деп атауға болады. Сауда орталықтарында халық көп жүреді, салқындатқыштар қосулы тұрады, әркім өз жұмысымен алаңдап жүреді. Ең бастысы киім өлшейтін бөлмесі ыңғайлы дүкен табу керек, ыңғайы келсе есігі ішінен жабылатын болғаны дұрыс. Пердемен ғана жабылатын бөлме тек нағыз экстремалдар үшін қажет.

Автокөлік

Жаздың жаймашуақ күнінде көліктің терезелерін ашып алып, тас жолмен қала сыртына шыққан бойда жолдың жиегіне тоқтап.. жақсылап тұрып секспен айналысу керек! Дегенмен, қалада да кептеліс кезінде терезесі тұмшаланған көлікте рахатқа батуға болады. Бұл нағыз классика!  

Әжетхана

Секспен айналысатын ерекше жерлер — қоғамдық жердегі немесе  үйдегі дәретхана болса да бәрібір. Ол жерде онсыз да секспен айналысатын адамға ерекше көрінеді. Мұнда кір жуатын машина, ванна, душ бар. Қайсысында арсыз ойыңды жүзеге асырғың келеді? Таңдау өзіңде.

Ақшатыр

Орман, алау, екі бокал шарап, табиғат үні, барлығы түннің қалай аяқталатын білдіретін сияқты. Оған қоса орманда түнде салқындай, есесіне жылынып аласыздар! Табиғат аясындағы секс – нағыз экстремалды жыныстық қатынас!

Лифт

Апат жағдайында басу керек түймешігін басыңыз! Але-оп! Бір шаршы метрдей болатын шағын ғана бөлмеде сіздер жалғыз қалдыңыздар. Ең бастысы бірнәрсе бұзып алып, лифтіде ұзақ уақытқа қалып қоймаңыздар. Жыныстық қатынас кезіндегі қатты қимылдар кабинаның астындағы  арнайы тетікті іске қосылып қалса – сіздер лифтте қалып қоясыздар. Лифт жүріп бара жатқанда «үлгереміз» деп ойламаңыздар. Лифт жылдамдығы жоғары ( қарапайымдары 2 м/с басталып 18 м/с жетеді). Сондықтан үй өте биік болуы керек немесе ер адам жұмысын тез бітіруі керек.  

Жағажай

Түнде теңіз жағасында ешкім болмайды, тек дөңгеленген ай мен сіздер ғана. Мұндағы жыныстық қатынастың бір жағымсыз тұсы бар: ол ыңғайсыз жерлерге жиналып қалатын жағажай құмы. Мұндай романтикалық секстің соңы көп жағдайда артық проблемалар әкеліп жатады.

Ұшақ

Демалуға ұшып барасыздар ма? Демалысты ұшақта бастаңыздар. Дәретхана есіктері жабылады, бірақ, ұшақтағы әжетхана кабиналары өте тар. Сондықтан, бір амалын табу керек. Егер сіздерге дейін әжетханаға келген басқа да жолаушылардың қалдырған «іздеріне» қарамастан ляззат алудан бас тартпаймын десеңіздер бір жайтты ұмытпаңыздар. WC кабинасында 20 минуттан артық бола алмайсыздар, себебі, бортсеріктер осы уақыт аралығында қауіпсіздік шарасына сай дәретхананы тексеріп тұрады. Ал қауіпсіздік белдігі дәретханада жоқ ( ешкім унитазға таңылып отырмас). Турбуленттік ағыс кезінде ұшақ қабырғасына бастарыңызды соғып алуларыңыз мүмкін. Қарапайым жарақаттан бөлек тіпті дене мүшелеріне зақым келуі де ғажап емес. Егер халықаралық рейстерде секспен айналысқандарыңыз белгілі болса, сізге үлкен көлемде айыппұл салынады.  

Көпқабатты үйдің шатыры

Жазда барлық үйлердің шатырлары шытырман оқиғаларға дайын тұрады. Бір-біріңізде ашық аспан астында романтика сыйлаңыздар, жамылғыш алыңыздар және абайлаңыздар. Шатыр биік болған сайын ляззат да керемет болмақ.

Кинотеатр

Ең бастысы соңғы орындар, түнгі сеанс және басқа жас көрермендердің психикасына зиян келтірмеу үшін 18+ санатында фильм болғаны дұрыс.

Отель

Өз қалаңызда болсын, өзге жерде болсын бәрібір, бір бөлмені алып, бірнеше тәулік бойы төсектен тұрмай секстен барынша рақат алыңыздар.

Ең бастысы жоғарыда айтылған жерлердің кейбірінде сексуалды акт жасауға тыйым салынған, сондықтан абай болыңыздар!