Картинка
Новости

Динара Қырықбаева ұзатылды

24 мамыр күні Динара Олжас есімді жігітке ұзатылды. Қазақ жұлдыздарының желідегі парақшасы толған Динараның суреттері. Әнші қыз өнердегі біршама әріптестерін тойға шақырыпты. Қонақтардың қатарында Мирас пен Құралай, Гүлнұр Оразымбетова, Ринго тобы, Жолбарыс Сейфуллин, Меруерт Түсіпбаева және т.б. Тойды Динара мен Олжас бірге ән айтып ашып берді. Әрі қарай белгілі асаба, актер, шоумен Азамат Сатыбалды жүргізді. Беделді, үлкен мейрамханада аталып өткен тойда, Динара ханшайымдар секілді, басына тәж киіп, үстіне қымбат көйлектің бірін ілген. Айтпақшы, қалыңдық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетоваға келін болды. Ендеше, бізде екі жасқа бақыт тілейміз.