Картинка
Секс

Cекс жайлы 5 кітап

Біз ұсынып отырған 5 кітап ғашықтардың бір бірін жақсырақ түсінуге көмектесіп қана қоймай, жыныстық қатынаста орын алған қиындықтарды жоюға көмектеседі. 

1. Пол Джоанидис «Библия секса» (Guide To Getting It On!)

Секс жайлы кітаптар – теориялық пен тәжірибелік ақпараттың көзі екені рас.  «Библия секса» — бірнеше рет басылып шыққан классикалық әдебиетке жатады. Оның авторы – американдық психоаналитик. Ол кітапты жазу барысында әр түрлі адаммен  секс жайлы сөз қозғаған. Жезөкшеден бастап, дін қызметшісіне дейін пікір алмасты. 

Нәтижесінде қарапайым сүйістен бастап секс шоптағы ойыншықтармен дұрыс пайдалану, сүйіктіңмен эротикалық фантазиямен бөлісу керектігі жайлы үлкен еңбек жазылды.   Мәселен,  көпттеген еркектер әйелдерінде вибратор барын білсе, қатты уайымға салынады екен. Өйткені әйелдер ерін емес, вибраторды таңдауы мүмкін деп қорқатын көрінеді.

2. Андрей Курпатов «7 интимных тайн. Психология сексуальности»

Ресейлік психотерапевт Андрей Курпатов үйреншікті жолмен жүрмейді. Оның кітабында секс позалары мен секс өнері суреттелмейді. Оның орнына ол оқырманды сексолог дәрігеріне апарғандай, оқырман емделуші ретінде отырған секілді күй кештіреді.  Тілі жатық, көпшілікке түсінікті.   Оның кейбір ақылы оқырманға ессіз боп көрінгенімен, оның әрбір айтқан сөзі ғылыми негізде дәлелденген.  Мәселен, ер адамдарға оргазмды жасанды түрде көрсету зиян болса, ал әйел баласы үшін жасанды оргазмды көрсету оның әйелдік сезімталдығын дамытады екен. 

3. Брэдли Энглер «Мужчины на моей кушетке»(The men on my couch: True Stories of Sex, Love and Psychotherapy)

 Американдық психотерапевт Брэдли Энглердың кітабында  оның емделушілерінің бастарынан өткізген шынайы оқиғалары жазылады. Эротикалық ой-қиял әлеміне  сапар шеккіңіз келсе осы әдебиетпен танысыңыз. 

4. Александр Полеев «Вся правда о женском оргазме»

Көпшілік әйел қынаптық оргазмның не екенін біле бермейді. Бірақ автордың пікірінше, емделу арқылы соған қол жеткізуге болады екен.  Әйелдің оргазмды алып үйренуі оның ерінің де денсаулығына және олардың сексуалды қарым-қатынасына оң әсерін береді.  Вагиналды оргазмды ала білген әйел баласы депрессияға берілмей, стрессті оңай бастан кешіретін көрінеді. 

5. Джон Грэй «Марс и Венера в спальне» (Mars and venus in the bedroom)

Кітаптың негізгі тақырыбы – сексуалды қарым - қатынастық психологияға арналған.   Әйел мен ер адам сексті әр түрлі қабылдайтыны рас.  Еркектер өздері қанағаттанса, әйелдері де қанағаттанды деген қате пікірде жүреді. Алайда әйел адамға көбірек уақыт керектігін және әйел баласының секске қоятын өз талаптары барын ер адамдар ескере бермейді.    Ері мен әйелі арасындағы секске деген қызығушылықты қалай сақтап қалуға болатынын білгіңіз келсе  «Марс и Венера в спальне» кітабын оқып шықсаңыз болады.