Картинка
Советы

Бақытты үй қандай болу керек?

Бақытты үй – қонақжай үй

Қазақ өзінің қонақжайлылығымен белгілі. Ата заманнан бастап-ақ үйге бөтен, бейтаныс адам кірсе де, оның құрметіне дастархан жайылатын болған.  Оған арнап ең семіз мал сойылатын.

Қазір заман өзгергенімен, қазақтың бұл қасиеті өзгермеген. Ет асу, табақ тарту салты сол беті жалғасып келеді. Тіпті жиілеп кетсе керек. Себебі, о заманмен салыстырғанда, қонақтан қалатын майлы ыдыс-аяқтарды тазалау әлдеқайда оңай болды. Ата-бабаларымыз майлы ыдысты топыраққа аунатып, суды ысытып  жуса, бізде дайын ағып тұрған жылы су бар. Одан басқа, кез-келген қатып қалған майды суық сумен де жууға мүмкіндік беретін арнайы сұйықтықтар бар. Мысал,  ыдыс аяқ жууға арналған Pril сұйықтығы. Ол ыдыстың бетінен майды ғана кетіріп қоймай, тамақтың қатып қалған қалдықтарымен (макарон, күріш, пісірілген картоп, т.б.) жақсы күреседі. Оның құрамында арнайы энзимдер бар болғандықтан, ол кез-келген дақтарды да оңай кетіре алады. Сонымен бірге, қолдың терісін ылғалдандырады. 

Бақытты үй – берекелі үй

Үйдің берекесін сақтау - әйел адамның міндеті.  Сол себептен, аналар қыздарын кіші жастан бастап отанасы болуға тәрбиелейді. Әсіресе, ас үйге ерекше мән берген дұрыс. Түнде дастархан жинаулы болсын, тамақтардың беті жабық болсын деген сөздерді бекер айтпаған әжелеріміз. Бұның түп негізінде ислам дініміз жатыр. Беті ашық қалған тамақты шайтан жалап кететі делінген. Оны жеп қойған адам ауруға шалдығуы мүмкін. Берекелі үйдің тамағы ысырып болмайды. Сол себептен, ондай үйде нан қоқымын тастамайды, артық азықты дұрыс жаратады.

Бақытты үй -  кең үй

“Қонақты Құдай айдап келді” деп берек айтпаған қазақ. Үйге кірген қонақпен бірге шаңыраққа бақ, береке кіреді. Сол себепті келген қонаққа төрден орын беріп, төсегін салып қоятын. Қазақтың қонақжайлылығының, кеңдігінің белгісі ретінде көрпе-жастық жиналған сандық көрінетін жерге орнатылады.

Қазір, әрине, сандықты төрге қойып, көрпелерін жылтыратып жатқан отбасы аз. Бәріміз де икеадан сатып алынған шкафтарның ішіне түптеп қоямыз. Ол да дұрыс шығар. Шаңды көп жинамайды, тез кірленуден сақталады. Бірақ, кірленуден қорқатын заман ба? Көрпе болсын, жастық болсын – қазір олардың күтімі оңай. Дақ түссе оны тазалауға арналған арнайы кір жуатын сұйықтықтарды пайдалану керек. Мысалы, ерекше бірегей формуласы бар Persil сұйықтығын суға араластырып, көбігін даққа жағып, бірден кетіріп тастауға болады. Бақытты үйдің қасиетті қонағына төселетін көрпе дайын!

источник фото: facebook.com/kurakkorpe

Бақытты үй – тыныш үй

Отбасындағы түсіністік, сыйластық – бақытты үйдің негізі. Ері әйеліне ризашылықпен, әйелі еріне сүйіспеншілікпен қарасайтын болса, ондай отбасына Алла разы болы, несібесен төгеді. Ал ит пен мысық сияқты тайталасып жатқан үйде береке тұрмайды. Ондай үйдің балалары да бақытсыз болып өседі. 

Бақытты үй – балалы үй

Үйің зәулім сарай болса да, іші-сыртын алтын жалатып қойсаң да, сәбідің шырылдаған дауысы жоқ үй мазар сияқты. Қазақ баласын еш уақытта санамаған, баланың санын айтпаған. Балалы үй – нағыз бақытты үй! Баласы көп үйдің шаруасы да көп: жуатын кірі, дайындайтын тамағы, т.б. еселене түседі. Бірақ, қазір ол да қазір шаруа болып па? Дайын кір жуатын машина бар. Тіпіт кір жуғыш ұнтақты өлшеп жатудың қажеті жоқ. Көптеген кір жуғыш сұйықтықтардың құтысы өлшелмелі қақпақпен жабдықталған. Ал жуылған кірді жұмсақ қылып, оған ерекше хош иіс беретін, әрі кімдердің түсін сақтап қалуға көмектесетін - арнайы кондиционерлер. Мысалы, Vernel кондиционері аталмыш нәрселерден бөлеі,  дене терісі нәзік бүлдіршіндердің күтімінде таптырмас өнім. Оның құрамында химиялық қоспалар өте аз мөлшерде, ал аллергияны туғызатын компоненттер мүлдем жоқ. Қауіпсіздігі арнайы ғылыми институттарда дәлелденген.