Картинка
Авто

Автокөлік тұрағы проблемаға айналды ма?

Сүйікті машинаңызды көрші аулаға немесе көшеге апарып қойсаңыз, әрине түнімен ойлап, ұйқыдан маза кетеді. Сондықтан темір тұлпарыңыз үшін ұрысқа дайын тұратын қырсық көршілермен қалай тіл табысуға болады? Көп қабатты үйлердегі тұрғындар арасында жиі ұрыс-керіс шығады. Сондағы жан-жалдың шығуы, машинаның дұрыс орынға қоймауы, сіздің кесіріңізден өзге адамдар өздерінің машинасын көре алмай қалуы, таң ертең көлік дыбысынан елдің оянуы себеп болады. Ал, басқаларының машиналары болмағандықтан, тырнақ астынан кір іздеп, тосын сый дайындаудан жалықпайды. Көңілі толмайтындардың айтатын уәжі қандай?

  • Жолдан өте алмауы;
  • Арбамен өту қиындыққа соғуы;
  • Балалар аулада ойнап жүруін алға тартады;
  • Терезеден шу шығуы;
  • Ауаны газбен улауы;

Міне, осындай себептерді алға тартып ұрыс шығарады. Жиі орын алатын жанжалдың арты жақсылыққа апармайды. Арыз жазу, машинаны сызып кетуі, бзу, қирату деген сияқты әрекеттерге баруы мүмкін. Сол үшін жүйке-жүйені тоздырмай, мүмкін емес нәрсені қалпына келтіруге болады. Сондықтан шыққан шуға бас ауыртып, айқайа басудың қажеті жоқ.

Егер машинаңыз көгал шөп, даладағы кір жайылған жіптің жанына жайғасқан болса, үндемей көлігіңізді басқа жерге апарып қойыңыз. Шәңк еткен көрші әйелдердің сөзіне мән бермей, сабырлықпен қараған дұрыс. Егер машинаңыз тұратын орынды жіппен немесе темірмен қоршап, бос емес белгісін қалдырсаңыз, қиындықтар бола қоймас. Десе де мұндай мүмкіндік болмаса, өзара жүргізушілермен келіскен абзал.

Алайда, кім бірінші келсе, орын соныкі деген ұстаным әлдеқайда әділетті. Бастысы көршілермен ортақ шешімге келе отырып, машинаны ауладағы тұраққа қоюға болады.