Картинка
Новости

Асхат Садырбай үйленді

Әрбір қадамдарын инстаграмға жариялап отыратынға үйренген біздің халық үшін, Асхаттың тойы аспаннан түскен жаңалық болды. Басқа жағдайда тойдың қайда өтіп жатқанын, жарының кім екенін, кездескендеріне қанша уақыт өтткенін білгісі келетін адамдарды бұл жолы тек "ал Ерке ше?" деген сұрақ толғандырды. Естеріңізге сала кетейік, бұл Асхаттың екінші тойы. Осыдан бірнеше жыл бұрын Асхат отандық әнші Ерке Есмаханға үйленген болатын. Бір ұлы бар.

Жарының есімі Айғаным екені де көпшілікке тек инстадан жария болды. Tiffany blue түсте әрленген Асхат пен Айғанымның тойында өнер иелерінен Ринат Тәттібай, Ұлықпан Жолдасов, әнші Мөлдір Әуелбекова, Бейбіт Көшқалиев, Нұржан Тәжікенов, "Жігіттер" тобы, теле-радио жүргізуші Гулбаршын Заирова және т.б. болды.

Тойға келген қонақтардың инста парақшалары жас жұбайлардың суреттеріне тола бастады. Бірақ, әдеттегі қалыпынан ауытқыған халық қалыңдықтын көйлегі мен бет бояуынынан гөрі  Асхаттың ажырасып кеткен бірінші әйелі Ерке Есмаханды көп талқылады.

Комментаторлар 3 лагерьге бөлінді:

  • Асхат үшін қуанған оқырмандар;
  • Еркені жақтап, Асхаттың екінші отбасы құруына қарсы болғандар;
  • Нейтралитет сақтағандар;

Бірінші топтың оқырмандары "Бакытты болыңыздар!", "Өте әдемі жұп!" деп жылы лебіздерін білдіруде.

Екінші топ Еркені жақтап,  екеуінің арасында қалған ұлдарын аяп, ұзақ комментарилер қалдырудан жалықпайды. Біреулері  "Ееее қазір ажырасып, қайта үйлену, қайта тұрмысқа шығу деген балаға қарамай-ақ оп-оңай нәрсе болды ғой" десе, енді бірілері "Не де болса, баланы ойлау керек еді ..баланың көз жасы жібермейді. Қалай болғанда да, әке мен ана бірге болу керек ...оның баріне отағасы жауапты" деп Асхатты ашық түрде кінәлауда.

Үшінші топ, кез-келген адамның тағдыры бөлек, өмірде түрлі жағдайлар болатынын түсініп, р адам бақытты болуға лайықты. Еркемен бақытты болмаған екен, енді жүре ме үйленбей, баласы болса көмектесіп тұрады. Ерке де шығады күйеуге. Жаман сөздер айтқанша, бақыт тілесеңіздерші", "Ерке де әдемілігі жағынан қалысып тұрган жоқ. Батыс пен шығыс деп бөлініп жаруды қашан кояр екенсіңдер. Бөлінгенді бөрі жейді деген. Тағдыр солай болды. Бақытты болсын" деп ойларын білдіруде.

Comode редакциясы жас жұбайларды жаңа отау құруымен шын жүректен құттықтап, баянды махаббат тілейді.