Картинка
Рецепты

Асан Мәжіттің ерекше шорпасы

Әрбір қазақ отбасы сияқты біздің үйдің басты ерекшелігі - бәріміз бірге отырып тамақтану. Асты бірінші отағасы бастайды. Бір дастархан басында жиналып тамақтану әдеті сонау бала жасымда қалыптасқан. 

Біздің отбасымызда мерекелік дастарханға көп мән беріледі. Анам да, әйелім де дастарханның молынан болғанын қалайды, мейрамханаларда жоқ тағамдарды дайындайды. Әсіресе әйелім қонақ күткенді өте қатты жақсы көреді. Өйткені, ас үйде оның тамақ пісіруге шабыты ашылады. Ең бастысы, ысырап деген нәрсеге рұқсат жоқ. Қалған тамақтарды сарқыт ретінде қонақтарға таратуға тырысамыз.

Күнделікті дастарханға келетін болсақ, біз таңғы асқа көп мән береміз. Таңертең дастарханда міндетті түрде ботқа болады. Үйде әкем екеуіміз жұмыс істейтін болғандықтан, таңертен әйелім мен анам бізді таңғы асымызды бермей ешқайда жібермейді. Себебі жұмыс бабымен біз түскі және кешкі асқа үлгермеуіміз мүмкін. 

Анам мен жарым тамақты дәмді дайындайды. Үнемі ізденіс үстінде болады. Тағамдардың жаңа түрлерін не әлеуметтік желіден алып, не ойдан шығарып, дайындайды. Әрқашан да өте дәмді болып шығады. Алайда, мен үшін анамның ерекше, ешбір салыстыруға келмейтін тағамы - палау. Есіме түсіргеннің өзінде дәмі аузыма келіп тұрады.

Өз басым, ас үйге жақын емеспін. Ол жерге тек тамақ ішу үшін кіремін. Бірақ, бір жарым жыл бойы тікелей эфирде тамақ дайындағаным бар. Ең алғаш дайындаған тамағамым наурыз көже болғаны әлі есімде. Үйге барып, студияда дайындаған тамақтарды қайталап көрмеппін. Себебі анам мен әйелімнің тамағына бәрібір еш тағам жетпейді. 

Түсірілім алаңында қалаған тағамыңды жейсің. Себебі күн сайын түрлі тағам әкелінеді. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас - бұлардың барлығына жауапты адамдар ерекше мән береді. Және бір қызығы, тамақты күн сайын белгілі бір уақытта әкелетіндіктен, уақытылы тамақтанып дағдыланасың. Одан кейін әрине, салмақ қосасың. Сондықтан, мен әр жобаны біршама артық салмақпен аяқтаймын.

Басқа елдің тағамдарына келетін болсам, еуропаның тағамдары онша ұнамады. Бірақ, бір рет аргентиналық мейрамханада жеген салат есімде қалды. Оны елге оралғаннан кейін қайталауға тырыстым. Жақсы шықты. Одан басқа, Алжир мемлекетінің тағамдары өте керемет. Алжирлықтар бізден өткен етқұмар екен. Және, ол жердің бір ерекшелігі, тағамды ер адамдар дайындайды. Алжирде жеген стейктердің дәмі әлі де естен кетер емес.

Көже әзірлей білесіз бе?
5 видов бешбармака, о которых не знает ваша бабушка
На первое: 5 рецептов супов