Қыркүйек айында дүркіретіп тойын өткізген жұлдызды жұп бір айдай әлеуметтік желілерде белсенділік танытпады. Алайда, осыдан бір апта бұрын Аша мен Арманның әуежайда бірге түскен суреті жарияланды. Жас жұбайлар батыстың әдеті бойынша, тойдан кейінгі бал айына аттанып кеткелі жатыр екен. Бал айын өткізуге Бали аралдарына аттанған жұп инстаграм әлеуметтік желісіндегі оқырмандарын күнделікті жаңа суреттерімен қуантып жатыр.
"Brosh" және "Love Republic" сауда маркасының өкілі болып табылатын Аша, демалыста да өз міндетін атқарып, жарнама жасауды ұмытпайды екен.
gallery