Картинка
Новости

Қайрат Нұртас әйелінің туған күнін тойлай ма?

Жақында Қайрат Нұртастың анасы, продюсері Гүлзира Үсенқызы туған күнін дүркіретіп, қымбат мейрамханада тойлағанын жұрт жақсы біледі. Анасының тойына көптеген танымал өнер адамдары мен жоғары лауызымды тұлғалар қатысты. Артынша бір-екі күннен кейін Гүлзираның келіні, әншінің зайыбы Жұлдыздың да туған күні өтті. Алайда, желіде белсенділік танытып, үнемі қуанышын инста достарымен бөлісетін продюсер де, Қайратта бұл туралы жақ ашпады. Тіпті, жылы лебізін білдірген, құттықтау сөзін де көре алмадық. Есесіне, Салтанат Жұлдыздың туған күнін атап өткенін және бірге түскен суретін жариялады. Осы орайда, көптеген оқырмандар Қайраттың жеке басына тиісіп, сөз қылды. Олардың қалауы біреу ғана. Ол жарын жасырмай, дүйім жұртқа көрсету. Айтпақшы, Жұлдыз инстаграм желісіне тіркелмеген. Бірақ, оның сол оқырмандарға және Салтанатқа алғыс білдіріп, ақ ниеттеріне рахмет айтты. Ол әзірге бұл желіні қолданбайтынын, бірақ жақында тіркелетінін жеткізді. Қызық, сонда осы сөздерді жазған кім?