Әлеуметтік желіні қарағанымыз сол еді, қайғылы хабардың тарап жатқанын көрдік. «Аспанға қараймын» әнімен елдің көңілінен шыққан әнші Абай Бегей жұбайы Жанаттан қапыда айырылып қалды.
Жақында ғана Қажылыққа бара жатқанын мәлімдеген өнер иесі кері қайтатын болады. Әріптестерінің айтуынша Жанат демікпе ауруынан қайтыс болыпты. Артында шеттей төрт баласы бар.
Осыдан екі ай бұрын «Жұлдызды шаңырақ» атты бағдарламаға отбасын таныстырған Абай әйелімен ерте үйленгенін айтқан болатын. Бүгінде Ақтау қаласында тұратын Бегейдің шаңырағына тек сабырлық тілейміз. Иманды болсын!