Картинка
Секс

Үштікке арналған секс: мен, ол жəне секс-ойыншықтары

Ең бастысы, жартыңыздың ойын білу. Егер бұл тақырыпта ашық сөйлесуге батылыңыз жетпесе, әртүрлі астарлы әзіл немесе әңгімелер айтып сөзге тартып көріңіз. Оның да төсек қатынасына қатысты өз қиялы бар екені даусыз!

Сүйіктіңіздің ойын түсінген соң, әрине, ләззат ойыншықтарын таңдауға жол тартыңыз. Алайда,артық қыламын деп тыртық қылудан аулақ болыңыз. Нарықта мұндай ләззат-ойыншықтарының сантүрі бар. Солардың арасынан сіздің де, жарыңыздың да қалағанын таңдауға тырысыңыз. Мысалы...

Дірілтеткіш

Бұл нағыз классикалық түрі. Талай жылдар бойы тәжірбиеден өткен оның да сантүрі бар. Әуелі серігіңізге қай түрінің ұнайтыны анықтап алыңыз. Дірілтеткіштің міндетті еркектің жыныс мүшесіне ұқсауы шарт емес. Соңғы жылдары жаңа формалары мен стильді әрі қолайлы түрлі ойлап табылған. Тіпті, кейбірінің мобильді бағдарламалардың көмегімен жылдамдығын да бақылауға болады. Ең қолайлысы G деліткісін ретке келтіруге болатын, жақындасуға арнайы орын қалдыратын түрі. Осылардың септігімен қос серіктеске де ләззат сыйлайды. 

Эрекциондық сақина

Егер,төсек қатынасы ұзаққа созылмай, тез аяқталатын болса бұл таптырмас дүние. Эрекциондық сақина қоздырудың нәтижесінде еркектің де, әйелдің де ұзақ уақыт ләззатқа бөленуге мүмкіндік береді.

Айналшық шары

Бұл ағзаны алдын ала төсек қатынасына дайындап, еркіндік сезіндіреді. Соның арқасында сіздің серігіңіз де эмоциясын күшейтіп, әрекетін бақылай алады. 

Арнайы саптама

Бұл кейбір адамдарды нағыз рахатқа бөлейді. Ал, өзгелеріне мүлдем ұнамай, қоқыс жәшігінен табылуы мүмкін. Алайда, бір рет байқап көрсеңіз болады. Бәлкім, сіздердің іздегеніңіз  осы шығар. Ескерте кетейік, ол ер адамның жыныс мүшесінің көлемінің үлкеюіне себеп болады.  Әйел адам саптаманың биіктігінен рахат алады. Бірақ, қолданған кезде өте абай болыңыз. Сондай-ақ, арнайы екіжынысты да саптамалар бар. Олар ерге де, әйелге де арналған.

Саусаққа арналған дірілдеткіш саптамалар

Олардың да қызметі кез-келген дірілдеткіштердей. Басты айырмашылығы тек саусаққа киеді. Осылайша серіктестер бір-біріне төсек рахатын сыйлайды.

Пульсатор

Сырт пішіні қарапайым дірілдеткішге ұқсайды. Алайда қызметі өзгеше. Ол нағыз тірі серіктестің әрекетіндей рахатқа бөлейді.

Қосымша заттар

Төсек ләззаты үшін тек қандай да бір құралдың көмегі емес, дұрыс психологиялық ой қажет. Сондықтан, жатын бөлмені өзіңіз ойлағандай романтикалық түрде әрлеуді де ұмытпаңыз. Әртүрлі іш киімдер, кісендер мен торлар да сіздерге ләззат сыйлары анық. Және хош иісті кремдер мен майлардың да мұндай кеште атқарар рөлі зор.

Үлкен қиялыңыз бен аз ғана ізденіс сіздің өміріңіз күрт өзгеріс әкеледі. Ендеше, махаббаттың жаңа сатысына өтуден аянып қалмаңыз. 

P.S. Әңгімесі таусылмайтын махаббаттың басты себебі- төсек қатынасы екенін ұмытпаңыз.