Картинка
Правда или сплетня

Жұлдыздардың жоғалтқандары

Қайрат Нұртас

Әнші

Менің үнемі жоғалтып, сындырып, ұмытып жүретін дүнием – көзілдірік. Өздеріңіз байқағандай, сахнаға үнемі көзілдірікпен шығамын. Образымның бір бөлшегі десем де болады. Қайда барсам да менің чемоданымда кемінде 3-4 көзілдірік жүреді. Себебі, бірін жоғалтып алсам, екіншісін кие саламын. Қай қала екені есімде жоқ, кезекті бір гостролдік сапарда мен бес көзілдірікті жоғалтып, сахнаға көзілдіріксіз шыққан едім. Әлі күнге дейін «қайда ұмыттым екен?» деп ойлап қоямын. Алдағы уақытта ештеңе жоғалмайды деп ойлаймын. Себебі, жанымда әйелім Жұлдыз бар. Әрине, менің заттарымды реттеп, бәрін түгендеп жүруге жауап беретін көмекшілерім бар. Бірақ, өмірлік жарыңдай ешкімнің жаны ашымайды деп ойлаймын.

Мейрамбек Беспаев

Әнші

Әлі күнге дейін «қап, әттеген-ай неге мұқият болмадым екен?!» деп іштей қынжылып қоятын жоғалғаным бар. Ол «Бозторғайды» айтып шыққан кездегі ең алғашқы домбырам. Шыны керек, қайда қалдырып, қалай жоғалтқаным мүлдем есімде жоқ.

Ерлан мен Баян

Жұлдызды жұп

Жоғалттық деп емес, тонап кетті деген жөн болар. Осыдан бірнеше жыл бұрын үйімізге ұры түсті. Ол кезде тұңғышымыздың дүниеге келгеніне шатаспасам 2-3 ай болған еді. Түнде ұйықтап жатқан кезде терезеден кіріп, есіктен шығып кетіпті ұры мырзалар. Біз, тіпті, сезбей қалыппыз. Бәлкім, ұйықтату үшін бірдеңе сепкен де шығар, білмеймін. Сол кезде компьютер, ұялы телефон, сағат секілді құнды дүниелерімізді ұрлап кетті. Қатты қиналғанымыз компьютер мен ұялы телефондағы мұрағат материалдарды қайта жинау болды. Фотосессия, бейнебаян, видеоролик, әндер бәрі кетті. Кейін бәрін қайтадан жинап, дайындауға тура келді.

Айгүл Иманбаева

Әнші, актриса

Мені де тонап кеткен еді. Көлікте отырған кезде ортасындағы сөресінде алтын, күміс, жақұты бар бір қорапшада әшекей бұйымдарым болған. Соны ұрлап кетті. Концертке кетіп бара жатқан кезде бір кісі жүргізуші жағынан келіп, маған ризашылығын білдіріп, сөйлесіп тұрды. Мен қызығына еніп кетіп, оң жағыма мүлдем қарамаппын. Әңгіме қызған кезде жолаушы жағынан келіп екіншісі әлгі әшекей салынған қорапшаны алып кетіпті. Негізі ұрылар солай бірігіп жұмыс жасайды екен.

Әділжан Умаров

«RinGo» тобының әншісі

Ұялы телефон жоғалтуға шебермін. Осыдан бірнеше жыл бұрын таксиге ұмытып кеткенім бар.  Әрине, ол үшін өкінбеймін. Бірақ, телефонымда барлық әртістердің нөмірі бар.  Сол нөмірлерге хабарласып, мазасын алмаса болғаны деп ойлаймын. 

Макпал Исабекова - наш ответ Дженнифер Лопес?
Когда же свадьба?
Никита Пресняков и Аида Калиева расстались?