Картинка
Что, где, когда?

Жаңа Жылдан қалған тамақпен не істеуге болады?

Дастарханнан қалған тамақтарды ысырап етпеудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырып көрейік. Алдымен қалған тағамдарды түрлеріне қарап бірнеше топтарға бөлуге болады. Соған байланысты, олардың сырап қылмау жолдары да бөлек.

  • Салат жасаудан, тамақ әзірлеуден, т.б. қалған дайын көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері және т.б. Яғни дастарханға қойылмай, артылып қалған өнімдер. Ең дұрысы, оларды арнайы пластикалық қорапшаларға салып, тоңазытқышта сақтау. Әр өнімнің сақтау мерізмін қатаң қадағалаңыз! Жиі-жиі бетін ашып, тексеріп тұрыңыз. Реті келсе, оларды тамақ дайындауға пайдаланыңыз.

  • Мерекелік дастарханға қойылған салат, тамақ, тіскебасардан қалған азықтар. Табаққа қойылған азық-түліктердің барлығы желінбей, белгілі бір бөлігі қалатыны белгілі. Оларды, әрине, қайтадан тамаққа пайдалануға болады. Бірақ, ысытып жегенді ұнатпайтын адам болсаңыз, олардан жаңа тамақ дайындауға болатынын есте сақтаңыз. Мысалы, кешеден қалған астан нарын дайындауға болады. Салқын тісбасарға ұсынылған балықтан түрлі бутербродтар оңай жасалады. Тауық етінен жаңа салат жасауға немсе қуырып тамақ дайындауға болады.

  • Жартылай тістелген, адамдардың табасында желінбей қалған ас өнімдері. Біреудің тістеп қойған тамағын әрине, ешкімнің жегісі келмейді. Оны басқа тамаққа да қоса алмайсың. Бұндай жағдайда ол да тамақ екенін ескере отырып, ысырап қылмау үшін, үй жануарларына берген абзал. Қорада итіңіз болмаса, көршілеріңіздің итіне, не болсама далада жүрген иттер мен мысықтарға берсе болады. Бірақ, далада жүрген үй жануарлары ондайға тез үйреніп, сіздің үйіңіздің қорасын паналап алуы мүмкін. Сол себептен, алшақ жерге барып, сол жерде дастархан әзірлеген дұрсы болар.

  • Мұқтаж адамдарды тамақтандыру. Көп жағдайда біз қасымыздағы мұқтаж адамдарды байқамай қаламыз. Олар көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, жалғыз зейнетақысына өмір сүретін зейнеткерлер, мүгедек адамдар. Әр тиынын санап жүргер адамдарға дастарханнан артылып қалған азық-түліктер кәдімгідей көмек. Әрине ол бірінші топқа жататын тістелмеген, бұзылмаған тағам болуы міндетті. Сіз тұратын мекенде ондай адамдар көп болса, өзіңіз дастархан жайып, тамақтандырып, сауапты іс істесеңіз болады.

  • Қабат үйлері бар ықшам аудандарда қоқыс аралап жүретін адамдар көп. Мұқият байқап қарасаңыз, үй тұрғындары қоқыс тастауға келген кезде, артылған тағамдарды белгілі бір жерге іліп кетеді. Үй-күйі жоқ жандар да бұны біледі. Солайша, олардың тамақтанатын белгілі бір жүйесі қалыптасады. Дастарханна артылып қалған тағамды қоқысқа тастап, ысырап қылғанша ең болмағанда көрінетін жерге іліп кетсеңіз болады. 

Руководство к первому свиданию
Идеальная пара: как выбрать перчатки
Топ 10 интернет-магазинов