Картинка
Что, где, когда?

Тұмау қаншалықты қорқынышты?

Біріншіден, тұмау ауруының не екенін анықтап алу керек. Тұмау - бұл вирустық инфекция. Яғни, тұмауды туғызатын - вирус. Суық суға қолды салып, немесе жеңіл киініп далаға шыққаннан тұмау ауруымен ауыру мүмкін емес! Бұндай шаралардың әсерінен ағзаға суық тигізіп алуға болады. Ал тұмауды тек біреуден жұқтыртуға болады. Тұмау мен суық тигізудің осындай басты айырмашылығын ұмытпағаныңыз абзал.

Тұмау вирусының үш түрі бар: А, В және С. Вирустың үшеуі де жыл сайын әр түрлі өзгеріп орытады. Сол себептен, тұмаумен бір ауырған адам өмір бойлық иммунитет қалыптастыра алмайды. Мысалы, тұмау вирусының С түрін ешқашан өзгермейді деуге болады. Сол себептен, тұмаудың С түрімен адамдар өмірінде тек бір рет аурып (әдетте, балалық шағында), өмірлік иммунитет қалыптастырады. Тұмау вирусының В түрі өзгеріске ұшырайды, бірақ бұл өзгеріс кішігірім ғана. Яғни, былтыр біз В вирусымен аурып өтіп, биыл дәл сол вирустың өзгерген түрін жұқтыртып алсақ, денеде қалыптасқан В вирусына  қарсы денелер вирусты жеңе алады. Бірақ, өзгерген вирусты жою үшін көбірек уақыт кетеді. Бұл кезде адам тұмауды жеңіл өткізеді.

Ең көп өзгеріске ұшырайтын тұмаудың вирусы, бұл - А вирус. Сан алуан комбинацияларды құрап, жаңа түрде пайда болатын вирустқа қарсы денелер, әрине, ешкімде жоқ. Яғни, эпидемия туғызатын вирус, ол тек А типті вирус. Эпидемия деген сөзден қорқудың қажеті жоқ. Бұл дегеніміз, ешбір адамның ағзасында дәл осы тұмаудың түріне қарсы денелер жоқ деген сөз.

Тұмауды қалай емдеу керек?

Қазіргі таңда вирусқа төтеп беретін дәлелденген емдік қасиеті бар дәрі жоқ деуге болады. Сонымен қатар, адамның ағзасы тұмау вирусын 5-7 күннің ішінде жеңіп шыға алады. Ол үшін тек төмендегі жағдауларды қамтамасыз ету керек:

  1. Бөлметі жиі желдету. Вирус ылғалды, қозғалыстағы ауада өмір сүре алмайды. Ал біз, әдетте, қыс мезгілдері терезе ашудан қорқамыз. Онымен қоса, жылу батареялары да ауаны құрғатып, вирустардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды.
  2. Ауа температурасы 18-20 градус шамасында болу керек.
  3. Бөлме ауасының ылғалдылығын 50-70% аралығында сақтау керек.
  4. Жылы киіну.
  5. Неғұрлым көп жылы су ішу.

Дәрілерге қарағанда осы қарапайым шараларды орындау тұмаудың емделуіне әлдеқайда көп септігін тигізеді.

Сау болыңыздар!

Руководство к первому свиданию
Идеальная пара: как выбрать перчатки
Топ 10 интернет-магазинов