Әнші Алтынай Жорабаеваның туған інісі Талғат жуырда шаңырақ көтерді. Сүйіктісінің есімі Аяулым. Мамандығы бухгалтер-экономист екен. Талғат Жорабаевтың таңдаған аруы Қарағанды қаласының тумасы.
Қарағандыда дүркіреп өткен ұзату тойдан кейін әнші келіншегін өзінің туған жері Шымкентке алып кетті. Талғат Жорабаевтың шаңырақ көтергендігі туралы ақпарат әлеуметтік желілердің бірінде жарияланды. Мұндай маңызды жаңалықпен әншінің өзі және әпкесі белгілі әнші Алтынай Жорабаеваның Instagram парақшасында бөлісті. Әншінің үйлену тойы осы жылдың тамыз айында өтеді деп жоспарлануда. Әнші Талғат Жорабаевқа көтерген шаңырағының іргесі берік болсын деп тілек айтамыз.
“Бал айын қайда өткізесіздер?” деген сауалға: “Әзірге білмеймін. Бір ағаларымыз үйленсең бал айын өткізу үшін, шетелге жолдама береміз деген. Көрерміз” деп қысқа қайырды.