Ринопластиканың көмегіне КешYOU тобының әншісі Балжан Бидаш та жүгінді. Бұл әрекетін ол өзінің парақшасында «менің тыныс алуымда қиыншылықтар болған. Соны емдетудің барысында балалықпен тапқан горбинканы емдетуді жөн көрдім. Ойламаған жерден жоспар ринопластикаға айналып кетті. Аллаға шүкір, ота сәтті өтті. Өзімді жақсы сезініп жүрмін» деп ағынан жарылды.
Бұған дейін мұрнына өзгеріс енгізгендердің бірі актриса Гүлназ Жоланова болатын. Сұлу қыз Қазақстандық мамандарға аса сенбесе керек, отаны Корея елінде жасатты.
Ринопластика көмегіне отандық жұлдыздар сирек жүгінсе де, әлемдік танымал тұлғалар жиі қолданады екен. Олардың қатарында 2010 жылы көрерменге жол тартқан «Отличница легкого поведения» фильмінің актрисасы Аманда Байнс бар.
Эшли Симпсон тек актриса емес, әнші болуды да армандаған. Осы мақсатта ол өзінің мұрын формасын өзгертті. Алайда, мінсіз әдемі мұрын иесі атанса да, ән әлемінде биікке жету Эшлидің тағдырына жазылмаған екен.
Тізім мұнымен бітпейді. Ринопластика жасатқан жұлдыздар шеруін Блейк Лайвли, Дженнифер Энистон, Бритни Спирс, Кристина Агилера, Николь Кидман жалғастырады.