Картинка
Что, где, когда?

Ерекше жол белгілері

Мұқият болыңыздар! 88 км бойы түйе белгісіз бір жануарды, ал ол жануар кенгуруды қуып келеді. 89 км басталғанда бұл жарыс аяқталады. Қалжыңды былай қоя тұрсақ, Австралияда кездесетін бұл белгі алдарыңыздан кенеттен шығып қалуы мүмкін жануарларды бейнелейді.

Мына белгіге келгенде, биік өкшені шешіп, ары қарай жалаң аяқ жүру керек. Бәрібір өкшесіз қаласыз.

Бұл әйел ме, еркек пе екені тек суретшінің өзіне белгілі. Шамасы, "Байқаңыздар! Ашуы шыққан қасапшы жолды өтіп бара жатыр" дегені болар.

Танк. Жай ғана танк. Бәрі түсінікті.

Польшаның суретшілеріне шеберлік жетіспейтіні көрінеді. Жолға мас адам шығып қалуы мүмкін деген белгілері көліктің алдында асыр салып билеп жүрген адамның көрінісіне әлдеқайда ұқсайды.

Жақын жерде балық сататын дүкен бар деген белгі ме? Қалай ойлайсыздар?

О! Бұл сіз бен біз! Шамасы инстаграмды ақтарып келеміз.

Мына белгіні біздің қаламыздың кейбір жаяу жүргіншілер өтетін жерге орналастыру керек сияқты. Жолды әдейі асықпай өтіп, жүргізушілердің жынын келтіретін адамдар бар ғой? Солар үшін.

Бұл жерде көлігіңізді қалдырып кету үлкен ақымақтық болады.

Ия, тұманды басқаша қалай белгілейсің? Тек сызықтардың арасында жоғалып бара жатқан көліктің жартысымен.

Қорқатын түгі де жоқ. Бұл үш шеңбер жолды құлағы нашар еститін адамдар өту мүмкіндігін бейнелейді.

Ал мына белгі көзі нашар көретін адамдарды бейнелейді. Не деген креатив!

Айға ұшып бара жатқан ракета? Жоқ-жоқ! Бұл кенеттен басталуы ықтимал топырақ дауылы бейнеленген жол белгісі.

Кейбір оқушылардың мектепке асыққаны соншалық, тіпті жол белгісін бұзып жүгіріп барады.

Лайк басуға болмайды. Қалжын. Бұл белгі бар жерде көлік тоқтатуға болмайды.

Жол жиегінде сауда жасауға тыйым салынған деген белгі. Сіздер не ойлап қалдыңыздар?

Қазақтар тойға кешігіп жатыр дегенде келеді, ия? Алайда бұл заңсыз иммигранттардың шекараны кесіп өтуі мүмкін дегенді бейнелейді. Суреттегі драматизмды айтсаңшы!

Нағыз ребус деп осыны айт. Бірақ, шамалы ойлансаңыз бағдаршамның қай түсінде қайда бұрылу керектігін бейнелейтін жол белгісін көруге болады.

Жоғарыда айтылған сөзді қайтарып аламыз. Нағыз ребус мына белгі. Соғым алып келе жатқан отағасы болу керек.

Дәл осы белгінің астында кешкі 9-дан таңғы 6-ға дейін тұрған нәзік жандарды белгісіз ұшу объектісі алып кетуі мүмкін. Ерлерге неге тиіспейді екен?

65 млн жыл бұрын қырылып қалмаған динозаврлар дәл осы жерде жолдан өтеді.

Мүгедек адамдар қолтырауынның азығы болуы мүмкін. Жол белгілсі қолтырауын жоқ қалада орналасқанына мән бермеуге болады. Ең бастысы, біз ескерттік.

Руководство к первому свиданию
Идеальная пара: как выбрать перчатки
Топ 10 интернет-магазинов