Батыстың тойы
Еліміздің батыс өңірінің тойы ең ерекше. Басты ерекшелік, бұл жігіттің тойына қыздың әкесінің бармауы. Әкесі қызының бетін ашқанын көрмеу керек деп саналады. Ал кейбіреулер, қыз жаңа әулетке кіргенін, ол жерде ата-анасы енді қасында болмайтынын сезіну керек дейді. Тойға келіннің ата-анасының орнына құдаша, құдабала және келіннің аға-жеңгелері сияқты адамдар келеді. Қыз ата-анасын тек үйлену тойынан соң, құдалық өткізілгеннен кейін ғана көре алады.
Батыстың кей қалаларында беташарда әр адамның ата атала бермей, жалпылама нағашылар, абысындар, қайын әпкелер, т.б., деп, топтастырып сәлем береді. Жігіт тойы екіге бөлініп өтетін жай көп кездеседі: үлкен адамдарға арналған той күндіз, жастарға арналған той кешке өтеді. Қыз ұзату тойы жігіт тойынан кем түспейді. Оны қыз ұзату деп де айтпай, "қыз той" дейді. Қызды сағат 12 дейін алып кету керек деген шарт жоқ. Ұзату той бітісімен, қыз өз үйіне барады. Келесі күні өз үйінен ұзатылып шығарады. Әдетте, сағат 11 дейін. Кетерде артына қаратпай алып кетеді.
Батыста ұзатуға кейде қызыл түсіті көйлек киеді. Ал барған үйінде шай құярда ерекше әдемі, болашақ енесі алдын ала арнайы тіктірген шай көйлегін киіп, басына ақ орамал тартады. Ең алғаш келін шайға келген адамдар, шай ішкеннен кейін кесенің ішіне ақша салып қайтарады. Ол ақша тікелей келіген бұйырады. Батыс сәлем салуды қатаң талап кетпейді.
Батыста қалың мал сұрамағанымен, «ана сүтіне» көп көңіл бөледі. Ол ақшалай сыйлық болуы да мүмкін, қымбат әшекей бұйым болуы да мүмкін.
Оңтүстіктің тойы
Оңтүстіктік те батыс өңірі сияқты салт-дәстүрлерді қатаң ұстанатын аймақ. Сол себептен бұл жердің тойы да әрбір өңірге ортақ құда түсу, сырға салу, киіт алмасу сияқты кезеңдерді өтеді. Алайда, оңтүстіктің өз ерекшеліктері бар. Ол жерде қыздың әке-шешесі тойға келеді, бірақ беташарға келмейді. Беташарда туыстарды топтамай, әр адамның аты бөлек аталады. Ұзату тойда қызды міндетті түрде сағат түнгі 12 дейін алып кету керек. Оңтүстікте қалың мал төленеді. Және оның құны аз болмауы керек. Той өтісімен, жас келін туысқандарға, көршілерге, ата-енесінің, жарының достарына арнап «келін шай» береді. Тек шай құярда ғана емес, күнделікті өмірде де келін міндетті түрде басына орамал тартып жүру керек. Қызыл Орда өңірінде бұл орамал қызы түсті болуы шарт. Үстіне қызыл көйлек киеді. Сонымен қатар оңтүстік өңірі келіннің сәлем салғанын қатаң талап етеді. Батысқа қарағанда оңтүстіктің тойы кеш басталап, ерте бітеді. Той басталғанда адам көп болады да, аяқталуға шақ қалғанда адам қалмайды. Сыйлықтарын беріп, қайтып кете береді.
Солтүстіктің тойы
Еліміздің сал-дәстүрін көп жағдайда ұстанбайтын өңір – солтүстік. Солтүстікте көп жағдайда ұзату той, жігіттің тойы деп бөліп жатпайды. Екі жақ бірігіп, бір той жасайды. Үнемделген ақшаны екі жас батыс елдердің әдеті бойынша шет елдерге саяхат жасауға жұмсайды. Ұзату жасайтын болса, қалың мал алыспайды. Қызды үйінен алып кетуге жігіт жақтан тек ер адамдар барады. Солтүстік өңірде сәлем салу мен орамал тағу талап етілмейд.
Шығыстың тойы
Шығыстың тойында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Шығыста ұзату той мен жігіт тойы бөлек өтеді. Беташарға қыздың әке-шешесі бармайды. Қалың малдың орнына көбінесе құдалар киіт беріседі. Алайда, қалың малды талап ететін аймақтар да бар. Жігіт жағы қыздың жағына өлі-тірісін әкеледі. Ұзату тойы өткен соң, қыз жігіттің үйіне аттанады. Бұл жерде де қызды түнгі 12 дейін алып кетеді. Жігіттің үйіне кірмес бұрын қыздың басына ақ орамал тағылып, отқа май құю ырымы жасалады. Бұл ырымның мәні жастардың ошағы ешқашан сөнбесін дегенді білдіреді.