Картинка
Звездный стиль

Егіз жұлдыздар: кім кімге ұқсайды?

Ақбота-Нұр Сейтмағанбет (КешYou) - Фахрие Эвджен

Қазақстандық үздік girls band болып табылатын "КешYou" тобының мүшесі Ақбота неміс елінде туып-өскен түрік актрисасы Фахрие Эвдженның  туған сіңлі сияқты. Фахрие Эвджен студен кезінен көптеген фильмдер мен телехикаяларға түскеніне қарамастын, біз оны "Королек - птичка певчая" фильміндегі Фариденің ролінен жақсы білеміз. 

Дилани - Тимати

27 жасар Дилани мен 32 жасар Тиматиды бір біріне ұқсатпау қиын. Екуі де өз елдеріндегі танымал әншілер, екеунің де бағыты реп пен RnB, екеуінің де жеке продюссерлік орталықтары бар, екеуі де бір қыздың әкесі. Іздей берсең, денесіндегі тату суреттерінен де ұқсастық табуға болады.

Айсұлу Азимбаева - Одри Тоту

Театр өнерінде жаңа белестерді бағындырып жатқан Айсұлуды көп адамдар француз актрисасына ұқсататыны көрінеді. Шынымен де, екеуінің келбетінде де, ойнақы келген мінез-құлқында да біршама ұқсастықтар бар сияқты. 20 жасында алғаш рет киноға түскен Одридың өнердегі жолы да Айсұлуға бұйыртса, жаман емес. 

Жанар Дұғалова - Айсауле Бақытбек

Бұл екеуін суреттен көргенде ажырата аламай қалатын адамдар бар. Баян Мақсатқызының жобасындағы қыздар сұлулық жағынан бір біріне ұқсайды деп айтатын адамдар, сол сұлулықтың прототипі ретінде продюсер өз қызын алған ба дейді. 

Баян Есентаева - Айгүл Иманбаева

Енді Баян ханымның өзіне келетін болсақ, оның Айгүл Иманбаевамен ұқсастығын айтып кетпесе болмайды. Кейде әдейі бірдей киініп, шаш үлгісін бірдей қылып қалың жұрттың алдына шыққан екі ару бір анадан туған әпкелі-сіңілі егіздер болып көрінеді.

Қарлығаш Мұхаметжанова - Сон Хе Гё

Ұзақ уақыт бойы Қазақстанның ең сұлу актрисалар шеруін бастап жүрген Қарлығаш, кәріс фильмдерінің жұлдызы Сон Хе Гёға ұқсайтынын өзі де білетін шығар. Алайда, Қарлығаштың өнердегі жетістіктері оңтүстік Корея актрисасының жетістіктеріне ұқсамаса болғаны. Сон Хе Гёның кинодаға рөлдері көп жағдайда төмен бағаға ие болып жатыр. 

Анастасия Россошанская - Айшвария Рай

Ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу Анастасия үнді актрисасы Айшвария Райға шынымен де қатты ұқсайды. Ұқсастық тек сырт келбетімен бітпейді. Екеуі де бірнеше ұлттың қаны араласқан жандар. Бұған қарағанда, метистер сұлу болады деген рас екен.

Мақпал Исабекова - Дженнифер Лопез

Мақпал - отандық шоу бизнестегі ең көп талқыланатын жан. Сондай талқылаулардың бірі - "Мақпал Дженифер Лопеске ұқсайды ма?" деген сұрақ. Жұлдыздың кейбір суреттеріне қарасаң, шынымен де американдық әншіден айнымайтын сияқты. Ал кейбір суреттіріне қарасаң Рианнаға да ұқсайды.

Санжар Мәдиев - Марк Дакаскос

Ал енді, ер азаматтарға келейік. Мұхиттың арғы жағында жүрген Марк біздің елімізде оған ұқсайтын актер бар екенін білмейтін де шығар. Ал біз білеміз. Марк Дакаскос кинода алғашқы қадамдарын бастап жүргенде Санжар дүние есігін енді ашып жатқан еді. Сондықтан, Маркпен салыстырғанда Санжардың алар асулары әлі алда. 

Әлішер Кәрімов - Ли Мин Хо

Тағы да бір кәріс актерына ұқсайтын отандық жұлдыз - Әлішер Кәрімов. Көп адамдар оның Ли Мин Хомен ұқсастығы тек шаш үлгісінде деп жатады. Алайда, әлеуметтік жүйеден екеуінің суреттерін іріктеп қарасаңыздар, бұл тұжырым қате болып шығады.

Нұрлан Абдуллин - Михаил Шуфутинский

Бұл екеуін ұқсатпаған жан жоқ шығар. Екеуі де танымал әншілер, үлгілі әке және сүйікті жар. Одан басқа екеуі де соңғы кезде сахынадан мүлдем жоғалып кетті. 67 жасар Ресейлік орындаушыны түсінуге болатын болса, 51 жасар Нұрлан ағамыздан жаңа әндерді әлі де күтуге болады деген үміттеміз.