Картинка
Что, где, когда?

Арман картасы расында арманыңызды орындай ма?

Алайда, өкінішке орай, қазақи тәрбиедегі "жұрттың баласымен" салыстыру ішкі сенім мен түпкі сананың әлсіздігіне жол бергендей. Мұны байқаған психологтар соңғы жылдары білек түріп кірісіп, қоғамға үлкен қызығушылық әкелуде. Арман картасы сіздің армандарыңыз бен мақсаттарыңыздың суреттері мен атаулары жазылған бірнеше бөліктен тұрады.

Бұл бөліктерге фотосуреттерді жапсыруға немесе күнделігіңізге жазбаша жазуға болады. Таңдау – өз еркіңізде. Ең бастысы,армандарыңызға шектеу қоймаңыз.

Алайда, көптеген психологтар армандар картасын 2-3 жылға жоспарлап, сосын қайта жаңартуға кеңес береді.

Тоғыз бөліктің ең ортасына МЕН деген сөзді жазып, өзіңізге қажеттіні жазыңыз. Мысалы, ең сүйіктімін. Әдемімін. Ғашықпын. Денім сау. Баймын. Қуаттымын, тағы басқа.

Ал, алғашқы шаршының ішіне қаржы деп жазып, өзіңіз қазір табатын табыстан үш есе көп санды көрсетіңіз.

Атақ-даңқ бөліміне өзіңіздің қызметтегі қол жеткізуді армандайтын жетістіктер мен дәрежелерді көрсетіңіз.

Махаббат шаршысына еш күмәнсіз, шектеусіз қиялыңыздағы махаббатты сипаттаңыз.

Отбасы. Бұл бөлімге жаныңызға жақын отбасылық суретті жапсырыңыз немесе отбасыңызға қажетті заттарды жазып шығыңыз. Көптеген психологтар отбасы шаршысына пәтер, көлік, несиеден құтылу секілді қадамдарды жазуға кеңес береді.  Алайда, санын көрсетуден аулақ болыңыз. Мысалы, сіз үш бөлмелі пәтер деп жазуыңыз мүмкін. Алайда, сізге бес бөлмелі пәтер келе жатқан шығар, кім біліпті. Десе де, сіздің түпсанаңыздың тапсырмасымен ол бес бөлмелі пәтеріңіз жолдан ғайып болады.

Балалар мен шығармашылық. Балаларыңыздың болашағын қалай көресіз, қайда оқығанын қалайсыз, қандай адам, қандай маман болғанын қалайсыз? Бәрін ұялмастан жазыңыз.

Білім мен ақыл. Бұл жерге күйеуіңізге қалайтын мамандықты, кәсіпті, жетістікті, ақшаны жазыңыз.

Саяхат. Иә, алдағы екі-үш жылда қай мемлекетті аралап келуді армандайсыз? Ойланып көріңіз! Және қорықпай жазыңыз.

Одан бөлек қойындәптерге 100 арманды тізіп жазыңыз. Бастапқыда армандар саны оннан аспай қалуы мүмкін. Алайда, ішкі жандүниеңізге үңілсеңіз өзгеге айтуға ұялатын, өзіңіз мойындауға қорқатын қаншама армандар бар?! Есте сақтаңыз, қиял мен мақсатқа батырлық таныта білетін жандардың армандары әрдайым орындалмақ! Ал, армандар картасы туралы біздің жұлдыздарымыз не ойлайды екен?

Құралай ханым

блогер, жазушы

Әрине, армандар картасын мен үнемі жасаймын. Көз алдыма іліп қоюға тырысамын. Осыдан бірнеше жыл бұрын Айнұр Тұрсынбаева дайындаған еттен дәм тату туралы да армандар дәптеріне жазған едім. Ол кезде әлі ауылда тұратын жай ғана Құралай болдым. Шүкір, қазір арманым орындалып Айекеммен жан құрбыға айналдық.

Ақбота-Нұр Сейтмағанбет

әнші, актриса

Мен ондай нәрселерге сенбеймін. Ешқашан жасаған да емеспін. Өмірдегі әр жетістігіме күнделікті еңбегіммен жеттім деп анық айта аламын.

Айнұр Тұрсынбаева

айтыскер ақын

Біздің түпкі санамызға дұрыс бағыт көрсету керек. Көп кезде неден күдіктенсек сол болады. Неге? Себебі, түпкі санамыз соны ойлап,өзіне шақырды. Міне, сондықтан да, психологтар армандар картасын жасап, көзіңізге бірден түсетін жерге іліп қоюға кеңес береді. Алайда, картаны қабырғаға іліп, аяқты аспанға асып қою дұрыс емес. Жақсы ойлармен жанымызға шабыт беріп, қуат алып, жұмыс жасау керек. Негативтен аулақ болу керек. Инстаграмда небір ауыр сөздер жазатын әйелдердің парақшасын қарасаңыз: «бақытты әйел, сүйікті жар, аяулы ана» деп жазып қояды. Ол – өтірік ақпарат.

Себебі, сол әйел өзі туралы шындықты негатив жазу арқылы көрсетіп тұр. Бақытсыз болғандықтан өзгелерді көре алмай, кедей болғандықтан қалталыларды күндеп отыр. Әйтпесе, бақытты адам айналасынан тек бақытты, қуанышты сәттерді көреді. Сондықтан да, армандар картасы ойымызды, санамызды дұрыстауға, арманымызды нақтылауға көмектеседі. Және күнделікті сол армандарымызға қарап қай бағытқа жүру керектігімізді түсінеміз. Арман картасын жасасаңыз да, жасамасаңызда – ерік өзіңізде. Ең бастысы – дұрыс армандап, жақсы сөйлеп үйренейік.

Руководство к первому свиданию
Идеальная пара: как выбрать перчатки
Топ 10 интернет-магазинов