Гүл. Бұл қашан да сәннен шықпайтын сыйлық. Алайда, гүлдің тез солып қалатынын ескерсек, сіздің сыйлығыңыз да соншалықты тез ұмытылатыны анық. Ал, бұл мәселенің шешімін флорист мамандар тауып қойған. Қазір нарықта жеті жылға дейін өмір сүретін раушан гүлдер келген. Олар ақ, қызыл, күлгін, көк, тіпті қара түсті болады. Ал, биіктіктері 16, 20, 22, 24 см аралығын қамтиды екен. Арнайы ыдыста сақталатын гүлді анаңызға да, әпке-қарындас, сүйіктіңізге де ұялмай бере аласыздар. Орташа бағасы - 10 000 теңгеден жоғары.
Ал, мұндай сыйлықты қалтаңыз көтермесе бөлме гүлдерін де таңдауға болады. Мысалы, ең әйгілісі «әйел бақыты» кез-келген әйелге ұнайтыны анық.
Иіссу да бағалы сыйлық болып табылады. Иіссуды қолданған сайын сізді есіне де алары анық. Бірақ, талғамына сай әтірді табу оңай болмасы анық. Ең бастысы, әтірді таңдаған кезде арзанқол, көшірмелерден сақ болыңыз. Себебі, көшірме иіссулардың сапасы да нашар, денсаулыққа да зиян.
Кез-келген нәзік жандылардың жаны опа-далапқа құштар болып келеді. Сондықтан, аты жазылған арнайы жинақ жәшігін сыйласаңыз еш өкінбейсіз. Мұндай ерекше сыйлықтардың орташа бағасы 13 000 теңгеден жоғары болып келеді.
Қазір қолөнерде ерекше бағаланады. Сол себепті, қолдан жасалған әшекей бұйымдарды да нәзік жандыларға сыйласаңыз еш қателеспейсіз.
Бүгін ең сұранысқа ие әрі ерекше сыйлық - есімдері жазылған жеке заттар. Олар: жуынғанда киетін халаттар, жейделер, сөмкелер, алқалар т.б. Мұндай заттардың, әрине, бағасы арзан болмасы анық. Алайда, жақындарыңызға шынайы қуаныш сыйлайтыны анық.
Егер, сүйіктіңіз, әпкеңіз немесе қарындасыңыз кітап оқығанды жақсы көретін болса ойланбастан кітап дүкеніне асығыңыз. Ал, қандай жанрдағы кітаптарды ұнататынын білмесеңіз ойланбастан әлеуметтік желілерді дамыту немесе әйел мен ердің психологиясы туралы кітаптарды таңдауға кеңес береміз. Сөзсіз, бұл талғамыңызды сыйлық иесі жоғары бағалайтыны анық.
Тағы бір актуалды сыйлық бар. Ол - фотомозаикалар. Мұндай фотопортрет кез-келген әйел затының жүрегінен орын алары анық.
Ал, арулардың талғамын білмесеңіз, ұтылмайтын сыйлықтар бар. Олар - арнайы сыйлық сертификаттары. Сұлулық салонына, массажға немесе өзге де сұлулық орындарына, әртүрлі киім немесе опа-далап сатып алуға арналған сертификаттар сізді кез-келген қиындықтан құтқарып, жақындарыңызға да бақыт сыйлайтыны анық.
Ең бастысы, сыйлық таңдаған кезде бағасына емес, сыйлық иесінің талғамына үлкен мән беріңіз. Оның қайда қызмет ететіні, жиі қандай дүкенге баратыны немесе қандай түсті ұнататындығы сыйлық таңдаған кезде үлкен рөл атқарады.