-->

Үздік 8 сымбатты қазақстандық жүргізуші

#Звездный стиль

Оларды еліміздің барлық тұрғындары таниды. Мыңдаған қазақстандықтар осы адамдардың арқасында экран алдында оларды ұйып тыңдайды. Comode редакциясы әйелдердің жүрек қағысын жиілітетін, отандық телевизияда қызмет жасайтын ең әдемі ер адамдардың топтамасын жасады.

Үздік 8 сымбатты 
қазақстандық жүргізуші

Талғат Алманов

Талғат Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін "Есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген. Телевизия саласымен студенттік күндерінен бері таныс. Осы саламен айналысуды бастап, оған қызығып, кейін өмірі соған тығыз байланысты болып кетті.

2010 жылы тележобаға шақырту алды. Мұнда Талғат өзі сюжет құрды, мәтін жазды, материалдарды редакциялап, өңдеуден өткізді. Қазақ телевизиясында көптеген талантты жастар қызмет атқарғандықтан, оның болашағы зор деп сенеді. Жастардың барлығы алдарына мақсат қоюды ғана білмейді, сонымен қатар оларды жүзеге асырудан да хабардар. Дәлел ретінде өзінің "Хабар" телеарнасының жаңалықтар қызметінде жұмыс жасау туралы арманын орындағандығы жөнінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Кұрман

Нұрсұлтан Құрман Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданынан. 6-сыныпта оқып жүрген кезде, телевизиядағы алғашқы дебюті болды. Шымкенттің "Отырар" телеарнасында "Ата-анасыз бір сағат" бағдарламасында бір ай журналист болған. Қазіргі таңда "Хабар" телеарнасының жаңалықтар қызметінде диктор.

Нұрсұлтанның пікірінше, өмірдегі ең жарқын сәт – өмір сүре алу мүмкіндігі. Ол әділ, сабырлы, батыл және қарапайым адамдарды құрметтейді. Сатқындық пен екіжүзділікті жаны жек көреді. Латтерман, Ларри Кинг, Познер, Ургант, Ринат Кертаев, Криштиано Роналдо және Майкл Джексон ол үшін үлгі болып табылады.  

Жамбыл Зейнолла

Жамбыл Павлодар облысындағы «Казақстан» ұлттық телеарнасында корреспондент қызметін бастаған. Алғашында ол журналист болуды жоспарламаған еді. Әскери қызметкер болуды аңсап, погон тағатын жандарға барын салып еліктейтін. Бірақ бұл уақытта оның шығармашылық қабілеті де таныла бастаған.

Анасы журналистика факультетін таңдауға кеңес береді. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түсуге құжаттарын тапсыруға да көндіреді. Жамбыл анасының үмітін ақтап, қазір республикалық "24 KZ" телеарнасында қызмет жасайды. Жүргізуші ұлының да журналист болғанын армандайды.

Ғалым Калменов

Ғалым – "Еуразия" бірінші арнасындағы "112" бағдарламасын жүргізеді. Ғалымның айтуы бойынша, камера – оның ең жақын досы. Камера арқылы Ғалым тек жаңалықтарды ғана өзгелерге таратпай, сонымен қатар өзінің ішкі жан дүниесін де көрсете алады. Атап айтқанда, оған жүргізуші болуға телекөрермендер көмегін тигізген.  

"Мен көрермендерімді, олардың қол соққанын және сынға алғанын жақсы көремін. Телевизия аудиториясының арқасында, біз, журналистер, шығармашылық жағынан дамимыз, қателерімізді түзейміз және өзімізді күтеміз", - дейді Ғалым. Болашақта Ғалым өзін тек журналистика саласында ғана көрмейді. Ол кино түсіруді армандайды.

Денис Бобылев

Денис Бобылев телевизия саласына кенеттен тап болды. Ол тіпті виджей мансабы жайлы ойламаған. Ол кездері "Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша оқу оқып жүрген. Досы тележүргізушілерге арналған кастинг жүргізіліп жатқандығын естіп, Дениспен ойнайын деп, оның түйіндемесін іріктеу комиссиясына жібереді. Болашақ виджей бұл уақытта емтихан тапсырып жүреді. Дениске хабарласып, оның реалити-шоуға қатысатындығы жайлы айтқанда, ол қуанышты түрде таң қалады.

2007 жылы қазақстандық музыка арнасында виджей қызметіндегі тележүргізуші мансабын бастайды. "Қалайсың" бағдарламасын және т.б. тікелей эфирде біраз уақыт жүргізген. 2011 жылдан бері отандық телевизияның ойын-сауық бағдарламаларының тәуелсіз тележүргізушісі. Денис көрермендерге "Алматы" арнасындағы "IQ Action" бірінші халықаралық реалити-шоу, 31 арнадағы "Ән шаңырақ - Семейная гармония" музыка реалити-шоу бағдарламалары бойынша таныс. Қазіргі таңда "Жетінші арнадағы" "Я - Шопоголик" реалити-шоуының жүргізушісі болып жұмыс жасайды.  

Ринат Сафаргулов

Ринат Қазақстан мен Орталық Азияның үздік 10 жүргізушісі қатарына енеді. Мансабын Бішкек қаласында бастаған. Өз отанында да, Қырғызстанда да, және қызмет жасайтын жері, Қазақстанда да танымал болып келеді. Телевизиядағы мансабы арқасында және көрермендер пікірі бойынша, жұмыстағы жетістігіне орай, танымал болды.

Ринат бала кезінен телевизия жайлы армандаған. Телевизия саласындағы талпыныстарынан кейін, кастинг жайлы хабарламаны кенеттен көріп, "Қалайсың" бағдарламасының жүргізушісі болды. Қазір Ринат "Жетінші арнадағы" "Boom" бағдарламасының жүргізушісі.

Арыстан Балтин

Арыстанның камера алдындағы алғашқы сөздері келесідегідей болды: "Қайырлы кеш! Тікелей эфирде кешкі жаңалықтар. Басты тақырыптар келесідегідей!". Арыстанның экраннан көрінетіндігін отбасында ешкім күтпеген еді. Ата-анасының журналист кәсібіне деген оң көзқарасы оны таңдауда басты орын алды.  

Егер Арыстан телевизияда қызмет жасамаса, дипломат болар еді. Сүйікті ұрандарының бірі: "Өмірімде өзгерістер орын алуға мүмкіндікке ие болуым үшін босаңсып кетпеуге Құдай маған күш берсін". Бүгін, «Жетінше арнада» ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар жүргізілу тоқтатылғанына қарамастан, Арыстан киноға түседі, театрда ойнайды және белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады.  

Тәуекел Мүсілім

Тәуекелдің телевизияда қызмет жасап жүргеніне көп болған жоқ. Алайда ол көрермен қыздардың жүрегін жаулап алуды үлгерді. Тәуекел "Махаббатым жүрегімде" сериалында басты рольді сомдағаннан кейін атақты болды. Көрермендер Тәуекелді алғаш жүргізуші ретінде "Хабар" арнасынан "Жаңа күн" бағдарламасында көрді. Қазір жас жігіт НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасының жүргізушісі. Бос уақытында ән айтады, футбол ойнайды.

#Ринат Сафаргулов #Жамбыл Зейнолла #Денис Бобылев #Арыстан Балтин #Тәуекел Мүсілім #Ғалым Калменов #Нұрсұлтан Кұрман #Талғат Алманов #сымбатты қазақстандық жүргізуші

Загрузка...