Көзілдіріктен қаржы аямайтын жұлдыздардың топтамасы

#Звездный стиль

Күн көзінен қорғайтын көзілдірік әншілердің жан досы. Себебі, көпшілік жерде көзілдірікті киіп алып, көзден тыс өтіп кетеді. Comode бүгін жұлдыздардың көз әйнектері мен соңғы жаңалықтарына сапар шегеді.

Мәдина Сәдуақасова

Көзәйнек көрсе көзін жұмып өте алмайтын сұлудың бірі Мәдина Садуақасова. Тіпті, соңғы фотосессияларында да әнші көзілдіріктің көмегіне көп сүйеніп жүр.

Жуырда ғана Мәдинаның ата-анасының отасқандарына 40 жыл болды. Айтулы мерекені дүркіретіп тойламады. Есесіне, махаббаттары ескірмеген ғашықтар түрік еліне барып романтикалық демалуды жөн санаған. Мұндай қуанышты ғана сыйлап қоймай, тұңғыштары ата-аналарымен шетелге бірге барды.  Демалыс ойдағыдай сәтті өткен. Әншінің талғамындағы көзілдіріктегідей түріктердің бәрі таңдай қаққандай...

Сондай-ақ, Мәдинаны алғаш рет ана болған күнімен құттықтаймыз. Осыдан төрт жыл бұрын бойы 59 см. ұл балаға өмір сыйлаған әнші тұңғышын «сары сапалегім» деп еркелетеді екен. Әнуардың есімін жазушы Қабдеш атасы қойса, тұсауын Роза Қуанышқызы кесті. Әнші әзірге ұлына көзәйнек іздеп әлектеніп жүрген жоқ. Алайда, жаз маусымында ұлына да қымбат әрі жарасымды көзілдірік алу жоспарында бар екен.

Дастан Оразбеков

«Орда» тобының әншісі Дастанды көзілдіріксіз елестету мүмкін емес. Оның гардеробында ең көп дүние көзәйнектер екен. Моделі әртүрлі болса да, түстері аса ерекше емес. Басым көпшілігі қара, ал кейбірі қою қоңыр түсті.

Әнші өзінің бет пішіне орай жиі «Aviators», яғни, кең пластикалық жақтауға ие, пішіні дөңгелек көзілдірікті ұнатады.

Ерке Есмахан

Әр бейнебаянының қаралымы миллионнан асатын әншінің хоббиі – көзілдірік жинау. Тіпті, инстаәлемінде бір киген көзәйнекті екінші рет қайталап қолданбайтынын байқауға болады.

Ерке қыз уақыттың маусымына, киген киіміне, ұстаған сөмкесіне сай көзілдірік таңдайды екен. Ең бастысы, арзан көзәйнектерге емес, брендтік дүниелерді сатып алуға әуес. Бәлкім, «арзанның суы татымас» деген сөзді өмірлік ұстаным етсе керек.

Камшат Жолдыбаева

Өзінің сахналық имиджін сіңлісі Алтынайға тапсырса да, көзілдірікті Камшаттың өзі таңдайды. Әрине, ол Ерке секілді әр суретте әртүрлі көзәйнектер кимейді. Алайда, жиі жаңалап тұруға тырысатынын байқауға болады.

«Томирис» тарихи кинокартинасында түсіп жатқан Жолдыбаеваға айна моделі көбірек ұнайды екен. Тіпті, соңғы фотосессияларын да осындай бағыттағы көзілдіріктермен жасап жүр.

Салтанат Бақаева

Үш баланың анасы Салтанат үшін де күннен қорғайтын көзілдіріктің маңызы зор. Бұл бикештің бұйымдар сөресінен көзәйнектердің барлық түрлерін кездестіруге болады. Соңғы жылдары сұранысқа ие трапеция пішіндес «Vufarer», авиаторлар, градиент түрлері де бар.

Декреттік демалыста құр отырмай қалыңдықтарды ұзатып жүрген Салтанатқа кей көзілдіріктері сыйға келеді екен.

Баян Мақсатқызы

Бұл кісінің тек көзілдірікке емес, жалпы сәнге деген талғамы ерекше. Жуырда тұңғышын ұзататын продюсер ана тәжірбие жасап, жаңалық ашудан қорықпайды. Нәтижесін бірі сынаса, енді бірі беске бағалайды. Ал, бұл бағаларға Баян аса мән бермейді. Себебі, бір рет берілетін өмірде тек өзінің талғамымен, ойымен ғұмыр кешуді жөн санайды.

Әйкерім Қалаубаева

Бұл сылқымның дене пішініне, қимыл-қозғалысына, жұмыс кестесіне қарап қос баланың анасы деп айту қиын. Алайда, әншінің бір ұлы мен қызы бар. Өткен жылы балаларымен шетелде демалып, ғаламторды біраз шулатқан еді.

Ал, маусымдағы сапарға жалғыз баруды жөн санаған. Өйткені, бұл демалыс емес, кезекті жұмыс екен. Әріптестері шетелде бейнебаян түсірсе, әнші ерекше бейнедегі фотосуреттер жасауға бел буыпты. Аталмыш жұмыс барысында Әйкерім көзілдіріктерге үлкен мән берген.  Аксессуарға мұқият көңіл бөлетін әнші бір көзәйнекті бірнеше рет киюді ұят санамайды. Өйткені, оның ұғымында ысырапқа жол жоқ. Он күндік демалыс пен жұмыс қосылған іссапардан соң Қалаубаева шығармашылыққа білек түріп кірісті.

#Мадина Садвакасова, #дастан оразбеков, #Камшат Жолдыбаева, #Ерке Есмахан, #Салтанат Бақаева, #Мадина Садуақасова, #Баян Мақсатқызы, #көзілдірік, #Әйкерім Қалаубаева

Загрузка...