Жұлдызды енелердің үштігі

#Звездные семьи

Қазір көк жәшікті ашса да, ғаламторды ақтарса да, радиоға құлақ түрсе де, әйтеуір, жұлдыздар туралы міндетті түрде сөз қозғалады. Өйткені, көрермен сұранысы жұлдыздардың өмірі мен киген киімі, ішкен асы болып тұр. Бұл өкініш пе, әлде қуаныш па білмедім. Бірақ, мен де сол «хит» мәселеден аттап кетпеуді жөн көрдім. Сондықтан, бүгін жұлдызды енелердің үштігін жариялаймын.

ПРОДЮСЕР ЕНЕ ГҮЛЗИРА. Қазір еңкейген шалдан еңбектеген балаға дейін Айдарбековтер әулетін әңгіме етіп жүргені өтірік емес. Хитмен Қайраттан кейін әкесі Нұртас сахнаға шықты. Осылайша, әкесі, анасы, баласы болып Қазақстанның әр түкпірін аралаған еді. Ендігі кезек он жыл бойы ешкімге ұстатпай, ешкімге көрсетпей келген Жұлдыздың жұлдызды сәтіне де жеткендей. Продюсер ана талай жылдар бойы жасырған келінінің өнердегі тұсауын «Арман» фильмінде кесті. Аталмыш туындыда Жұлдыз келін анау-мынау емес, басты рөлді сомдағаны ел есінде. Алайда, жұлдызды ене аяулы келінінің тек актриса емес, әнші болғанын да қалаған. Сол себепті Жұлдыз қазір Қайратпен бірге Қазақстанның әр қаласында гостролдік сапарда жүр. Сүйікті жұлдызды жарымен тек дуэт айтып қана қоймай, концерттік кештің тізгінін өз қолына алған. Бұл да жұлдызды енесі Гүлзира ханымның шешімі екен.

МЕЙІРІМДІ ЕНЕ ШАХИЗАДА. Келінін ерекше жақсы көріп, үнемі түсірілімдерге бірге алып жүретін тағы бір жұлдызды ене бар. Ол Шахизада. Жалғыз ұлының сүйіктісіне Шахизада өте жұмсақ. Бүгінде әншіге қос немере сыйлаған Ләззаттың бес саусағынан бал тамған аспаз. Әсіресе, тәтті торттарды ерекше дайындайды. Одан бөлек Шәкеңнің кейде сахналық образына сай бетін де әрлеп береді екен. Себебі, Ләззат - кәсіби визажист.

ЖҮЗІ СУЫҚ, ӨЗІ ЖЫЛЫ ЕНЕ ЖЕҢІС. Жуырда ғана тұңғышын үйлендіріп, ене атанған Жеңіс Ысқақова келінін көпшілікке көп көрсете бермейді. Шамасы, көз тиеді деп қорықса керек. Айбатырының таңдауы Карина есімді ару болды. «Өзімді ене сияқты сезінбеймін. Қарқылдап жүретін Жеңіс сол баяғы қалпында ғой. Тек үйге келгенде тәтті тамақтардың иісі мүңкіп, жылылық сезіліп тұрады. Сол кезде ғана келінім бар екен ғой деп ойланып қаламын. Қызым болса деп армандаған едім. Міне, ұлым маған әдемі, инабатты, ақжарқын қызды әкеліп берді» деп ағынан жарылды Жеңіс ханым. 

#Қайрат Нұртас #жұлдыздар #Гүлзира Үсенқызы #Шахизада #Жеңіс Ысқақова #жұлдызды енелер #әнші енелер #жұлдызды келіндер #жұлдыздар келіндерімен #Гүлзира Айдарбекова #Жұлдыз Абдукаримова #Қайрат пен Жұлдыз #жұлдыздардың отбасы

Загрузка...