-->

Жұлдызды балалардың инстаграм парақшалары

#Звездные семьи

Инстаграм - күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған сияқты. Күн сайын жұлдызды тұлғалар да, қарапайым адамдар да өздерінің парақшаларына қайда барып, не жегенін жүктеуден жалықпайды. Енді қазір балалар да бұл әлеуметтік желіні белсенді түрде пайдалануда. Елге танымал жандардың балалары да ата-аналарынан қалыспайды. Сomode сайты осы балалардың парақшаларына шолу жасайды.

Жұлдызды балалардың инстаграм парақшалары

Айару Бақытбек

@aiarusha

Баян Есентаеваның кіші қызы Айарудың инстаграм желісінде жеке парақша ашқанына көп уақыт болса да, парақшасында небәрі 236 сурет бар. Көбінесе өзінің, достарының және отбасы мүшелерінің суреттерін жариялап отырады. Инстаграмды тек орыс тілінде жүргізеді. 6 сыныпта оқитынына қарамастан, аспаздық өнерді жетік меңгерген. Тіпті  96 000 оқырманы бар қосымша  @vatrushkiotaiarushki парақшасы бар. Бимен айналысып, фортепианода ойнайды.  YouTube сайтында өз арнасын ашып бір видое жүктеп үлгерді.

Дилан Шайхислам

@dylandaut

Дана Орманбаеваның кенже ұлы Диланның да өз инста парақшасы бар. Әлі жазу білмейтін Диланның орнына барлық суреттерді жүктеп, комментарии жазатын ағасы – Бексұлтан. Парақшасында 43 сурет бар. Оның 97% өзінің суреттері. Қалғаны әкесімен және ағасымен түскен суреттер. Оқырмандар саны 1000 астам. Профайлында "күн сайын жаңа сурет жүктеледі" деген ақпарат бар. Бірақ, соңғы сурет бірнеше күн бұрын салынған. Парақшасы орыс тілінде.

Арлан

@arlan2002

Бағым Мұхитдинованың ұлы Арлан да инстаграм парақшасын орыс тілінде жүргізеді. Парақшасына өзінің суреттерінен басқа көліктің және бешбармақтын суреттерін көп жүктейді. Сэр есімді маламут иті бар. Жания Әубәкірова мектебінің 6 сынып оқушысы.

Жеңісқызы Ажар

@azhar_honey_official

Әнші және композитор Жеңіс Сейдолланың кызы Ажар да инстаграмда жарты мың оқырманынан лайк жинап жүрген жайы бар.  Жания Әубәкірова мектебінің оқушысы. Пианино өнерінің шебері.  Инстаграм парақшасын орыс тілінде жүргізеді. Соңғы уақытты қарапайым суреттерден гөрі,  сәнге айналған dubsmash видеолары мен вайн жанрына көшті. Баскетбол ойнағанды ұнатады, бірақ аталмыш спорт өнерінен бір де бір суреті жоқ.

Даниял Өскенбай

@danialuskenbai

Танымал тележүргізуші Динара Сатжанның 9 жастағы ұлы Даниял да инстаграм желісінің белсенді қолданушысы. Даниял спортпен шұғылданыды:  футбол ойнайды, шаңғы тебеді, тхэквондомен айналысады, теннис ойнайды. Спортпен қатар өнерді ді алып жүреді. Барабан ойнап, ән айтуды ұнатады. Мұның барлығын оның парақшасынан көре аласыздар.

 Бекболат Болманов

@bek_bolmanov10

Эстрадамыздың ең танымал жұптарының  бірі Қыдырәлі мен Қарақаттың үлкен ұлы Бекболаттың инстграм парақшасына қызығатын Қазақстанда 7000 адам бар. Оның арасында инста-дүкендер мен тапсырыспен жиһаз жасайтын жандар да бар. 15 жасар жасөспірім көбінесе өзі айналысып жүрген футболдың суреттерін жүктейді.  

#инстаграм #инстаграм жұлдыздары #жұлдызды балалар #айару бақытбек #Дилан Шайхислам #Жеңісқызы Ажар #Даниял Өскенбай #Бекболат Болманов

Загрузка...