Егіз жұлдызды балалар

#Звездные семьи

Кез-келген келіншек егіз тусам дейді, кез-келген бойжеткен егізім болса деп армандайды. Ал, егіздерді туған және егіздің бірі болып дүниеге келген жұлдыздар кімдер? Бүгін осы тақырыпқа шолу жасайтын боламын.

Есіңізде болса, «Бауыржан шоудың» дүркіреген жылдары сахнаға егіз жігіттер қадам басты. Сәбит пен Ғабит деп өздерін таныстырған ағайынды бозбалалардың өнердегі ғұмыры ұзақ болмады. Алайда, осыдан үш жыл бұрын Сәбиті өзінің актерлік қырымен тағы да көрерменді таңқалдырмақ болған еді. Бірақ, айы оңынан тумағанға ұқсайды, тез көзден ғайып болды.

Өзінің егізі болмаса да, егіз қызға өмір сыйлаған бақытты ананың бірі Индира Расылхан. Әншінің Адина және Дарина есімді бойжеткен қыздары биыл мектеп түлектері атанады. Мінездері екі түрлі қыздардың бірі режиссер, екіншісі әнші болуды мақсат етіпті. Ал, жұлдызды ананың арманы егіздерінен дуэт құрып, шоу бизнеске тың жаңалық әкелу екен.

«Музарттың» кенжесі Кенжебек егіз қыз тәрбиелеу өзінше қиын, сабыр мен шыдамдылықты талап етеді деп ағынан жарылды. Бұлай әншінің сенімді түрде айтуының да өзіндік себебі бар. Бұйрашашты жігіт  егіз қыздың әкесі. Сегіз жасқа толған арулардың есімдері Карима және Кәлима. Олар да өнердің қыз баласы үшін ауырлығына қарамастан әке жолын жалғауға асық.

«Нысаналық» Абайда егіз қыздарды тәрбиелеп отыр. Түрі өзінен аумай қалса да, мамандық таңдауда өзінің ізін жалғағанын қаламайды танымал актер.

Ұлықпан Жолдасовта егіздің атасы. Мұртты сазгерге егіз немере сыйлаған «Самал» тобының әншісі Нұрпейіс. Оның да қос қарлығашы бар.

«Жебе» тобының экс-мүшесі Көркем Сейсенбек пен журналист Гүлдана Иманбаева да Әмина, Фатима есімді егіздерді тәрбиелеп отырған көпбалалы жас отбасы.

Әзірге шоу-бизнес әлемінде егіз ұлдың әкесі мен анасы атанған жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіт. Бүгінде үштен асқан тәтті балапандардың өнерге деген құлшыныстары ерте байқалуда дейді бақытты әке.

P.S.: Өздеріңіз байқағандай әзірге егіз ұлдар өте сирек. Алайда, 2018 жылы егіз батырларымыз дұниеге көптеп келсін деп тілейміз. 

#егіздер #жұлдызды балалар #әншілердің балалары

Загрузка...