Қазақстан футболшыларының сүйіктілері

#Звездные семьи

Олар өз сүйіктілерімен бірге Сібірге жер аудармайды. Тек теңіз жағажайларына жақын жерлерге бірге аттанады. Оларды ақындар алғыс білдіретін өлеңдерінде жырламағанмен, оларға арнап гол салады. Comode редакциясы ең жарқын деген қазақстандық футболшылардың жұбайлары мен кездесіп жүрген қыздарының тізімін жасады.

Қазақстан футболшыларының сүйіктілері

Анна Гурман

Анна Гурман – «Қайрат» ФК-ның қорғаушысы Марк Гурманның жары. Екі жас Аняның ең жақын құрбысының арқасында бір-бірімен танысқан. Көңілінен шығу үшін Марктың біраз тырысқандығы жайлы Аня бір берген сұхбаттарында мойындап айтты. 2013 жылы  бұл жұп той жасап, бір жылдан кейін ұлдары Давид дүниеге келді. 

Спорт сайттарында Аня Қазақстан футболшылары жұбайлары арасындағы ең әдемі және стильді жұбайлардың бірі ретінде бірнеше рет танылған болатын. Аня спорт пен үйлестірілген тағам өзін-өзі күтінудегі жетістікке жетудің кепілі екенін айтады. Қазір Аня ұлын тәрбиелеуден басқа түпнұсқалы парфюмерияны сатумен, киім жасау және шығарумен айналысады.    

Фариза Байтана

Фариза Байтана – Алматының «Қайрат» футбол клубының 22 жасар жартылай қорғаушысы Байтана Бауыржанның жұбайы. Фариза мен Бауыржан өткен жылдың күзінде некелерін қиды. Ал осы жылдың маусым айында олардың тұңғышы дүниеге келді. Фариза қамқор ана және жар.   

Ольга Боровская

Ольга Боровская – ең көп титулдарға ие қазақстандық футболшылардың бірі Вадим Боровскийдің жары. Вадим мен Ольганың бірге болғандығына сегіз жарым жылдан асты. Берік отбасылық одақ болудың кілті бір-бірімен келісе алу қабілеттігі және бір-бірін қандай жан болғандығына қарамастан солай қабылдай алуында. Сонымен қатар, кез-келген жағдайда қолдау көрсету. Вадим мен Ольга екі жасар ұлдары Давидті тәрбиелеуде. 

Ольга бала кезінен шығармашылыққа жақын бала болғандығын айтады. Ән айтуды, билеуді жақсы көрген. Тіпті қыздардан тұратын музыкалды топтың құрамында болған. Актерлік мансап туралы армандаған. Алайда әкесі қызының қаржы оқуын оқығандығын қалаған. Оля қаржы саласын «жалықтырар іс» деп санап, бұл салада бір күн болсын жұмыс істей алмаған. Қазіргі таңда Ольга Боровская – белсенді блогер. Инстаграмдағы белгілі жазбаларына орай атақты болды. Сонымен бірге, Ольга ELLE журналында автор.   

Ботагөз Балабекова

Ботагөз Балабекова – Алматының «Қайрат» футбол клубының және Қазақстан құрама тобының жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаевтың кездесіп жүрген сүйіктісі. Әлеуметтік желідегі аккаунтына 81 мыңнан астам адам жазылған. Өз жазбаларында Ботагөз фолловерлерімен саяхаттау, стильді киім-кешектері мен бьюти-индустриясының жаңа өнімдері туралы бөліседі. Fashiony.ru сайтында Ботагөз көзге түсер сырт келбетіне және нәзіктік, сәнділік пен байсалдылық секілді өзіндік ерекшелігі бар айқын стильге ие қыз ретінде сипатталады. Ботагөздің Ұланмен кездесіп жүргеніне екі жылдан асты.  

Елена Кочегарова

Елена Кочегарова – "Тараз" ФК-ның жартылай қорғаушысы Алан Гатаговтың кездесіп жүрген сүйіктісі. Ол President Model Management агенттігінде модель болып жұмыс жасайды. Жұмыстан бос уақытында Елена саяхаттағанды ұнатады. Инстаграм парақшасында Парижда, Сингапурда, тіпті Палестинада түскен фотосуреттерін көруге болады. Сонымен бірге, Елена - ресейлік футболшы Федор Смоловтың бұрынғы әйелі Виктория Лопыреваның құрбысы.   

Наталья Хижниченко

Наталья – «Ақтөбе» футбол клубының және Қазақстан құрама тобының шабуылшысы Сергей Хижниченконың жұбайы. Қазақстандағы ең көңілді және жарқын жұптардың бірі болып есептеледі. Наталья Польшаның «Корона» клубын Қазақстандағы «Ақтөбе» клубына ауыстыра отыра, нағыз футболшы жарына тән болып табылатындай жолдасының артынан жүреді. Футболшы да әрбір салған голын жарына арнап, оған дәл сондай жылулықпен жауап қайтарады. Натальяның айтуы бойынша, әр ер адамға қолдау көрсету қажет. Бұл футболшылар отбасына да қатысты. Сүйген жарыңның айтқанына құлақ салу қажет. Тіпті «сен ештеңе түсінбейсің» дегенді естісеңіз де, өз тарапыңыздан ой білдіру қажет.   

Еркежан Талғатбекова

Еркежан Талғатбекова – «Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы Исламхан Бауыржанның кездесіп жүрген сүйіктісі. Туған жері – Тараз. Бірақ қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде оқу оқиды. 2012 жылы Еркежан “Мисс КазНУ” жарысына қатысып, бірінші «вице-мисс» атанды. Сонымен қатар, Еркежан қазақстандық эстрада жұлдыздарының бейнебаяндарында түседі. Мәселен, «Нұр-Мұқасан» тобының «Егіз жүрек» әніне түсірілген бейнебаянда Еркежан ана атанайын деп жүрген жас әйелдің ролінде.  

Еркежан ер адамның бойындағы адамдық, мейірімділік пен кез келген жағдайда өз қалпында болу қасиеттерін бағалайды. Талғатбекованың айтуынша, әйелдің басты тапсырмасы – ер адамға уәждеме беру, шабыттандыру және оны мадақтау. Тек осылай ғана ер адам жетістікке жетеді.    

#спорт #отбасы #футбол #ольга боровская #Сергей Хижниченко #Анна Гурман #Елена Кочегарова #Фариза Байтана #Қазақстан футболшыларының сүйіктілері #Қазақстандық футболшылардың жұбайлары мен кездесіп жүрген қыздары #Исламхан Бауыржан #Еркежан Талғатбекова #Наталья Химниченко #Алан Гатагов #Ұлан Қонысбаев #Ботагөз Балабекова #Вадим Боровский #Байтана Бауфржан #Марк Гурман

Загрузка...