Арман мен Аша той жасады

Автор: Comode
3921 0 Звездные семьи
Қазіргі заманның «Қозысы мен Баяны» атанған Арман Қоңырбаев пен Аша Матай әріптестері мен достарының, тума-туыс, бауырларының басын біріктіріп той жасады. Бұл тойдың басты себепшісі – кішкентай ханшайым Асылым Арманқызы. Аталмыш тойға comode тілшісі де куә болды.

«Уайымдап жүргеніміз рас. Бұл біздің Арман екеуміздің алғашқы тойымыз. Өзіміздің ақшамызға, өзіміздің еңбегімізбен, өзіміздің идеямызбен жасаудамыз. Асылым біздің үйдің ханшайымы болғандықтан, тақырыпты ұзақ ойланудың қажеті болмады. Бәрін ханшайымның сарайындай етіп жасауды жөн көрдік. Тек залды әрлеушілерді,тәттілерді дайындаушыларды іздеп, ұзақ таңдағаным рас» - дейді бәрінің сәнді әрі үйлесімді болғанын қалайтын отанасы. Иә, расымен де, бұл тойды көргендер де арманда, көрмеген де арманда. Қос ғашықтың алғашқы қуанышының асабасы да анау –мынау емес, ауызы дуалы, жазған әндері хит Арман Дүйсенов болды. Аталмыш тойға шақырылған қонақтардың саны 100-ге жуық екен. Бұл туралы бақытты әке былай дейді: «Бұл кеште барлық өнер адамдары мен достарымыз, спорттағы достарымыз, тума-туыстарымыз шақырылды. Тізімді «ешкімді ұмытып кетпейік» деген ниетпен ұзақ ойланып, қайта –қайта тексеріп жаздық. Алайда, той болғасын, қуаныш болғасын ұмытып кеткен де жандар бар шығар. Бәрінен кешірім сұраймыз.» Отағасының ойын Аша да толықтыра кетті: «Бүгін барлық достарымызды шақырдық. Кейбірі жұмыс барысымен кешігіп келетінін ескертті. Айта кетерлігі, «Gold Band» ұжымының көмегімен барлық әншілер бүгін жанды дауыста ән салады. Бірақ, әріптестерімізді ән айту үшін емес, би билеп, дастархандас болып, қуанышымызға ортақтасуға шақырдық». Қолына микрофон ұстап, жанды дауыста ән салған өнер жұлдыздарының қатарында Зарина Омарова, «Ордалық» Дастан, Луина, Айдана Меденова, Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер, Қыдырәлі мен Қарақат, Ерлан мен Баян т.б.өнер жұлдыздары болды. Ал, Асылымның тұсауын Сәкен Майғазиев ағасы кесіп, Қарақат пен Жазира әпкесі екі қолынан жетектеп жүргізді. Айтпақшы, той басында ханшайым мен  оның анасы Аша ақбоз атты күймемен ортаға шықты. Және бақытты отбасы тойға киетін киімдерінің де үйлесімді болуын мақсат етіпті. «Шынымды айтсам, қазір қатты қобалжып тұрмын. Барлық қонақтарым келеді ме? Бәрі ұнайды ма? Ештеңе ұмытпадым ба? деген оймен уайымдап тұрмын. Рұқсат болса, осы тойдың әсерімен тойдан кейін асықпай сұхбат беріп, бөліссек болады ма?» деп жас жұбайлар рұқсат сұрады. Әрине, боларынан боладысы қызық тойдың жауапкершілігін бізде түсінеміз. Сондықтан, Арман мен Ашаны аса қинамадық. Бірақ, жуырда экслюзивті сұхбатқа уәделестік. Ал, әзірге тойдың әдемі фото-суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.

Сәкен Майғазиев: Арман мен Ашаның қуаныштарымен құттықтаймын. Асылым қыздың әр басқан қадамы нық әрі денсаулығы мықты азамат болып өсе берсін.

Зарина Омарова: Бүгінгі той маған ерекше ұнап отыр. Бәрі әдемі, үйлесімді. Арман мен Ашаның күліп қарсы алған жылы жүздерінің өзі қонақтарға бақыт сыйлайды. Бақыт тілеймін бұл отбасына. Келесі жылы тағы  бір шілдеханаға келейік.

Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер: Біз бұл жұппен бірге қазір фильмге түсіп жатырмыз. Тәрбие көрген жандар. Үнемі амандасып, аға-әпке деп сыйлап тұрады. Қуаныштарына шақырған кезде қуанып кеттік. Жастардың өз еңбектерімен осындай той беруі үлкен жетістік. Әйтпесе, біздің қоғамда әке-шешесінің қолына қарап, қанатының астынан шығуға қорқып жүрген жас отбасылар қаншама. Бақыт пен береке тілейміз. Және Асылым қызымыздың өмірі ұзақ әрі дені сау болсын. 


Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий