Оқушылар сарайындағы 87 тегін үйірмелер тізімі

Автор: Aina Dosmakhambet
2480 0
Баланы спортқа қатыстырып, қосымша білім беріп, сол үшін мүлдем ақша төлемеуге болады ма? Қазіргі дағдарыс кезінде бұл мүмкін емес сияқты. Алайда, Оқушылар сарайында кез-келген оқушы қатыса алатын 87 тегін үйірме ұсынуда.

Оқушылар сарайындағы үйірмелер бес топқа бөлінеді:

  1. Ғылыми-техника және экология бөлім
  2. Ұлттық қолданбалы өнер бөлімі
  3. Спорт және туризм бөлімі
  4. Балалар бастамасы бөлімі
  5. Көркемөнер бөлімі

Үйірмелердің бір жартысы қазақ және орыс тілінде бірдей оқытылса, қалғандары тек қазақ немесе тек орыс тілінде жүреді. 

Ғылыми-техника және экология бөлімінде балалар авиамодельдеу, роботты техника, техникалық модельдеу мен дизайн негіздерін үйреніп, Қазақстан тарихы, экология, қоршаған ортаны қорғаумен таныс болады. 4-6 сынып оқушыларына арналған жан-жануарлар бұрышы бар. 2016-2017 оқу жылына арналған толық пәндер тізімі келесідей: 

  • Жас математик (қаз). 1-4 сынып. 
  • Жас натуралист (қаз). 1-5 сынып.
  • Роботтық техника (орыс). 4-10 сынып.
  • Ескерткіштер тарихы (қаз). 5-11 сынып.
  • Табиғат қорғау (қаз). 5-8 сынып.
  • Жас авиамоделист (орыс). 5-11 сынып.
  • Авиамодельдеу (орыс). 5-11 сынып.
  • Химия (қаз., орыс). 7-10 сынып.
  • Қазақстан тарихы (қаз). 8-11 сынып.
  • Жан-жануарлар бұрышы (қаз). 4-6 сынып.
  • Жас географ (қаз). 5-8 сынып.
  • Техникалық модельдеу мен дизайн (орыс). 3-8 сынып.

Ұлттық қолданбалы өнер бөлімі әр баланың бойында бар шығармашылық бастаманы  жетілдіруге көмектеседі. Бөлімнің құрамында сурет салу, киім тігу, бисер тоқу, т.б. сияқты үйырмелер ұйымдастырылған. Сонымен қатар бұл жерде балаларды ұлттық мәдениетке деген махаббат пен сыйластықтықты жетілдіріп, қазақтың мәдени және тарихи құндылықтарын бағалауды үйретеді. Үйірмелер тізімі:

  • Епті қолдар (орыс). 1-11 сынып.
  • Қазақ ұлттық қолөнері (қаз). 1-11 сынып.
  • Киім құрастыру (орыс). 1-11 сынып.
  • Қол өнер (қаз). 1-6 сынып.
  • Сурет (орыс). 1-4 сынып.
  • Өнер (қаз). 5-11 сынып.
  • Жас шебер (қаз). 3-11 сынып.
  • Жас суретшілер (қаз). 5-8 сынып.

Спорт және туризм бөлімінде сабақты спорт шеберлері, олимпиада және әлім чемпиондары жүргізеді. Балалар түрлі деңгейдегі спорт жарыстарына қатысады. Ғимараттың ішінде тіпті бассейн де бар. Алайды, бұл үйірмеге ерте жазылу керек. Жүзумен айналысушылар саны биыл өте көп болғандықтан, әзірше бұл спорт түріне тіркеу тоқтатылған. Ал қалған үйірмелер тізімі келесідей:

  • Грек-рим күресі (орыс). 1-11 сынып.
  • Көркем гимнастика (орыс). 0-5 сынып.
  • Қолма-қол ұрыс(қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Баскетбол (қаз., орыс). 9-11 сынып.
  • Таэквондо (қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Шахмат (орыс). 1-11 сынып.
  • Годзюр-рю карате до (қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Бокс (қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Олимпиаладық карате (қаз., орыс). 1-10 сынып.
  • Еркін күрес (қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Дзю до (қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Самбо (қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Қазақ күрес (қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Тоғыз құмалақ (қаз., орыс). 1-10 сынып.

Балалар бастамасы бөлімі балалардың әлеуметтік дамуына көмектеседі. Бұл жерде балаларпсихология, журналистика, шет тілдерді менгерумен қатар SunWay International business and Management, Maralsay, British Bulldog сияқты халықаралық байқауларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Үйірмелер тізімі:

  • Ағылшын тілі (қаз., орыс). 3-11 сынып.
  • Қазақ тілі (қаз). 1-7 сынып.
  • "Арай" жоғарғы сынып оқушылар клубы (орыс). 6-11 сынып.
  • Интеллект: сөйлеу, ойлай және коммуникация қабілетін дамыту (орыс). 2-10 сынып.
  • Жас журналист (каз). 6-11 сынып.

Көркемөнер бөлімінде би, вокал және музыканың түр-түрі бар. Одан басқа бұл жерде балалар цирк өнері мен сахналық сөйлеу өнерін де менгере алады. Үйірмелер тізімі келесідей:

  • "Балдәурен": домбра (қаз). 1-11 сынып.
  • "Капелька" вокалдық студиясы (орыс). 1-8 сынып.
  • Жас пианист (қаз., орыс). 1-10 сынып.
  • "Жан-ел" би ансамблі (қаз., орыс). 1-8 сынып.
  • "Бұл-бұл": домбра-терме (қаз). 1-11 сынып.
  • "Сазсырнай": фортепиано (қаз). 1-11 сынып.
  • "Жібек жолы" хореографиялық ансамблі (орыс). 1-10 сынып.
  • "Алақай" вокалдық студиясы (орыс). 1-10 сынып.
  • "Фантазия" би ансамблі (қаз., орыс). 1-8 сынып.
  • Жігер (қаз., орыс). 4-8 сынып.
  • "Арман" ұлдар би ансамблі (қаз., орыс). 1-8 сынып.
  • "Әсем ай": вокал (қаз., орыс). 4-8 сынып.
  • "Мыңбала" балалар домбра оркестрі (қаз., орыс). 4-8 сынып.
  • "Эйфория": сахыналық өнер (қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Джем-сейшн (қаз., орыс). 1-11 сынып.
  • Цирк (орыс). 1-11 сынып.

Жоғарыда көрсетілген үйірмелердің барлығы тегін жүргізіледі. Үйірмеге 15 қыркүйекке дейін жазып, тіркелу керек. Қажетті құжаттар:

  1. Туу туралы куәліктің көшірмесі
  2. Арыз
  3. Медициналық анықтама

Оқу кестесін үйірме жетекшілерінен білуге болады. Бір топта шамамен 15 баладан.

Байланысу үшін:

Алматы қаласы, Достық даңғылы,  124

 тел: + 7 727 264 26 95

E-mail: [email protected]

www.school-palace.kz

Стоит почитать

Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий