Бауыржан Байбектің инста парақшасындағы даудың себебі не?

Автор: Comode
1697 0 Жизнь города
Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да толды. Біреулер оған бірден сенсе, енді бірілері мүлдем сенім артпады. Қайтсе де, екі жақ та әкімнің әр қадамын аңдып, бақылап отыр. Бұл орайда әкімнің ресми инста парақшасы екі жақтың қуанышына орай ашылған сияқты.

Басқа ресми өкілдерге қарағанда Бауыржан Байбектің инста парақшасын белсенді түрде жүргізетін уақыты жоқ, парақшада небары 16 жазба бар. Әрине, жазбалардың барлығы да тек кәсібіне байланысты. Әкімнің жеке өміріне қызығушылық танытатын жандар парақшадан өздеріне керек еш ақпатар таба алмайды. 

Әкімнің инста парақшасының ең басты ерекшелігі - жазбалардың тек қазақ тілінде болуы. Бұл жайт тіпті 2000 аса оқырмандардың ішінде дау-дамай туғызды. Қазақша түсінбейтін оқырмандар бұған наразылық танытып, қала басшысының басты міндеті тұрғындарды тілге бөлемей, барлығына бірдей ақпарат жетікізу деседі. Қазақ тілді оқырмандар да қалыспай, инста парақша ресми құжат емес, әр адамның жеке меншігі болып табылатындықтан, әр адам оны қай тілде жүргізсе де өз еркі деген ойларын білдіртуде. Олардан өзге комментаторлар тобы жер мәселесін көтеріп жатса, енді бірілері @akimat_akmaty парақшасын елемей, Бауыржан Байбекке қаламыздың жол, бала-бақша, т.б. мәселелеріне шағымдануда. 

Сіз қалай ойлайсыз, ресми өкілдердің әлеуметтік парақшаларына қойылатын ерекше талаптар бар ма?

Стоит почитать

Загрузка...
Комментарии 0
Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий