16 жасар Зухра Тұрсынова есту қабілеті төмен адамдарға арнап ән орындайды

Автор: Aina Dosmakhambet
1109 0 Жизнь города
Инстаграм әлемі тыныш жатпайды. Бұл жолы аталмыш әлеуметтік желіні шулатқан Зухра есімді қыз.

Зухра Тұрсынова - 16 жасар Алматы қаласының тұрғыны. Инстаграм желісіне тіркелгеніне 5 апта болғанына қарамастан, оқырмандар саны 3 мыңға таяп қалды. Оқырмандардың барлығы Зухраның ән айту өнеріні тәнті болды. Себебі жас дарын әнді өзгеше орындайды - ишара тілімен. 

Зухра есту қабілеті төмен немесе жоғалған адамдар үшін әндердің сөздерін ишара тілімен жеткізеді. 15 секундтық видеолардың арасында Дима Биланның, "Пицца" тобының әндері, отандық орындаушылар Дильназ Ахмадиева мен Кенталдың хит әндері бар. Әрбір видеоның астында оқырмандардың мақтау сөздері күн сайн көбейіп келеді. Әсіресе оқырмандарға Зухраның ән орындағанда барынша эмоциясын қосытыны ұнайды. Тіпті "жігітің бар ма?" деген сұрақтарды да кездестіруге болады. Алайда, соңғы жүктелген 2 видеоның астындағы жазбаға қарағанда, Зухраның жүрегі бос емес сиқты.

Мақпал Исабекова мен Кентал Зухраның парақшасын жарнамалап, оның игі бастамасы үшін алғыстарын білдірді. 


Загрузка...
Комментарии 0
Marinaa596

комментарий удалён

Katya677

комментарий удалён

Чтобы оставлять комментарии, вам нужно зарегистрироваться или войти. Написать комментарий