-->

Жаңа күнді дұрыс бастаудың 10 пайдалы кеңесі

#Самочувствие

Таңды қалай атырсаңыз, күніңіз де солай өтеді. Comode сізге ең тиімді, пайдалы, әрі орындалуы оңай 10 кеңес дайындап қойды.

Жаңа күнді дұрыс бастаудың 
10 пайдалы кеңесі

1. Ерте тұрыңыз

Әлемде орасан зор жетістіктерге қол жеткізген адамдардың барлығы ерте тұрушылар қатарынан екен. Ең кеш дегені – таңғы 6. Әрине, сіз күнделікті сағат 9-10 тұрып жүрсеңіз, бірден сағат 4-5 тұру сіз үшін ауырлау болады. Сол себептен, күн сайын оятанын қоңыраулы сағатыңызды 15 минутқа ерте жылжытып отырыңыз. Қазағымыз да «ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық» деп бекер айтпаған.

2. Күніңізді смартфоннан бастамаңыз

Жасыратыны жоқ, барлығымыз тұра салысымен ұялы телефондарымызды қолымызға алып, әлеуметтік жүйелерге үңіліп кетеміз. Біріншіден, бұл сіздің уақытыңызды алады. Осындай кезде уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамаймыз. Екіншіден, жағымсыз жаңалық оқып қалсаңыз (әсіресе, әсерлі жан болсаңыз), сол туралы күні бойы ойлап, уайымдап, мазаңызды қашырасыз.

3. Аш қарынға су ішіңіз

Таң атысымен өзіңіз оянғаннан кейін ас қорыту жүйесін де «ояту» керек. Ол үшін 1  стақан жылы су ішкен абзал. Су тым суық болмауы керек. Ал оған лимон шырыны мен бал қоссаңыз, денсаулық элексиры дайын деуге болады! Бұл әдет сіздің ағзаңызды тазартып, көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі. Көп жағдайда біз таңғы жүгіріспен бұл кеңесті ұмытып кетуіміз мүмкін. Сондықтан, ұйықтар алдында ыстық, қайнаған суды төсектің қасына әкеліп қойыңыз. Таңға дейін суып, керекті температураға жетеді.

4. Суық сумен жуыныңыз

Біріншіден, суық суда хлорорганикалық қосылыстар ыстық суға қарағанда әлдеқайда аз. Ал екіншіден, суық су терідегі ұсақ тесіктердің тарылуына көмектесіп, қан алмасуды қалпына келтіреді. Яғни, бет әлпетіңіздің ұзақ уақыт бойы жас қалпында сақталуына септігін тигізеді.

5. Таңғы жаттығулардың пайдасы

Неге жаттығуларды таңертең жасаған абзал? Себебі, жаттығу жасау үшін ағзаға энергия қажет. Энергияны ағза тамақтан алады. Ал сіз түні бойы ұйықтасаңыз асқазаныңыз бос болмай ма? Сол кезде, ағза энергияны жиналған майлардан алады. Яғни, денеңіздегі майдың көлемі азаяды. Бұл арықтауға әкеледі. Одан басқа, таңғы жаттығулар түні бойы қозғалыссыз жатқан дене мүшелерін қалпына келтіріп, олардың дұрыс функиясын қамтамасыз етеді.

6. Таңғы ас ішіңіз

Барлық дәрігер бір ауыздан таңғы астың маңызды екенін айтуда. Түскі ас пен кешкі асты жіберіп алсаңыз да, таңертенгі асты міндетті түрде ішу керек. Таңғы ас ағзаны керекті энергиямен қамтамасыз етеді. Ең пайдалы ас – сұлы жармасының ботқасы. Оның құрамында ағзаға қажетті В дәрумені көп.

7. Душ қабылдыңыз

Уақытыңыз бар болса таңертен душ қабылдаған жөн. Жай душ емес, контрастты душ. Яғни, су бірде ыстық, бірде суық болып, алмасып тұру қажет. Бұл ағзаға өте пайдалы. Қан алмасу жүйесі де қалпына келеді, денеңіз де шымыр бола түседі.

8. Күніңізді жоспарлаңыз

Таңғы ас ішкеннен кейін, асқыпай отырып бүгінгі күннің жоспарын құрыңыз. Барлық маңызды шараларды түске дейін жоспарлаған абзал. Себебі, одан кейін кенеттен пайда болатын жұмыстар шығып қалуы мүмкін. Соларға да уақыт табу керек болады. Жоспарыңызды ойда сақтамай, арнайы дәптерге жазып жүрген дұрыс.

9. Кофеден бас тартыңыз

Әрине, кофеның да өз пайдасы бар. Бірақ, кофе – таңғы сусын деген қағиданы ұстанып, бірнеше кесе ішкен сізге тек жағымсыз әсер етуі мүмкін. Оның орнына көк шай ішкен дұрыс. Көк шай ағзаны тазартуға, қан қысымын қалпына келтіруге көмектеседі.

10. Жаратушыға рахмет айтыңыз

Сіз ояндыңыз. Деніңіз сау, басыңыз аманы, 12 мұшеңіз түгел. Демек, кез-келген іс қолыңыздан келеді. Неге бұл үшін рахмет айтпасқа? Өміріне қанағат адамдардың тұрмысы мен денсаулығы күннен күнге жақсаратыны дәлелденген факт.

#Пайдалы кеңестер #таңғы кеңестер #жағымды әдет #сәтті күн #таңғы ас #таңғы жаттығулар

Загрузка...