Варикозды қалай емдеуге болады?

#Самочувствие

Бірнеше аялдама бойы метрода тұрып немесе банкте кезек күткен соң аяғыңыз қатты ауырды ма? Бұл варкоздың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Ол қалай пайда болады? Оның емделу жолдары қандай?

Медиктер варикозды ұрпақ арқылы, яғни анаң немесе әжеңнен пайда болады деп болжайды. Ал, басқалары тамырдың созылуы көп жағдайда аяқтан тік тұрып жұмыс істейтін шаштараз бен сатушының басында кездеседі деп санайды. Әрине, олардың қатарына мыңдаған мамандық иелерін кіргізуге болады, алайда оның пайда болуы себебі басқа да.

Пайда болуы қандай жағдайлар әкеліп соқтырады?

Бір орында тапжылмай отыра берудің салдарынан пайда болуы мүмкін. Кеңседе отырып қызмет жасайтындарға кем дегенде телефонмен сөйлесу барысында ара-тұра жүріп тұруы керек.

Варикоз артық салмаққа қатысты проблемасы бар әйелдерде қайталануы мүмкін.

Аяғы ауыр кезде жатырдың үлкеюінен жамбас сүйектің тамыры мыжылып, қанның тоқтап қалуына әкеліп соқтырады. Сондай уақытта варикоз шығуы мүмкін.

Варикоз кезінде кейбір нәрселерге тыйым салынады.

  • Биік өкшелі аяқ киім кимеу;
  • Бір аяқты екінші аяққа айқастырып отырмау;
  • Тар аяқ киім мен жабысқан шалбар кимеу;
  • 5 келіден артық зат көтермеу;

Емдеу жолдары.

Фитнес орталыққа барып спортпен айналысқан абзал. Тек қиын, ауыр жаттығулардан бас тартып, жеңіл, демалу тынысына кедергі келтірмеу керек. Алайда, варикозды халық емін қолдану арқылы да құтылуға болады.

                                                                                                                                                                                                                              Ақ сарымсақты алып, оны ұсақтау керек. Сарымсақтың ақ қабығымен бірге араластырып, түнде аяққа жағып бинт пен немесе матамен орап тастау керек. Таң ертең аяқты жуып, жылы жүру қажет.

Ұсақталған  екі шай қасық құлмақ түйініне ыстық екі стакан су құйып 15-30 минут суыту керек. Тамақ алдында күн сайын жарты стаканнан ішіп отырсаңыз көмегін тигізеді. Аяққа бинтпен орап жағып жүрсеңіз, оң нәтижеге қол жеткізесіз. Аяғы ауыр, емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Варикозды емдеу үшін күздік алманы пайдалануға болады. Мұндай алма қанды тазартып, тәбетіңізді ашады. Қайнаған суға үш алманы тастап бетін жауып, төрт сағат жылы жерге қою керек. Кейін бал қосып тама алдында немеес таң ертең ішсеңіз пайдасын тигізеді.

#фитнес #варикоз #Халық емі #Қанның тоқтап қалуы

Загрузка...