-->

Вагиналды уылу деген қандай ауру?

#Самочувствие

Вагиналды уылу немесе молочница — бұл Candida тобының саңырауқұлақтары тудыратын қабыну ауруы. Қалыпты жағдайда Candida саңырауқұлақтары аз мөлшерде дені сау адамдарның ауыз қуысының, жыныс мүшесінің және ащы ішектің қалыпты микрофлорасының құрамына кездеседі. Олай болса, қалыпты бактрериялар қалай ауру тудыруы мүмкін?

Вагиналды уылу деген қандай ауру?

Вагиналды кандидоз немесе вагиналды уылу ауру Candida тобының саңырауқұлақтары ағзада шамадан тыс мөлшерде кездескен кезде пайда болады. Олардың белсенді көбеюінің себебі көп жағдайда иммунитеттің нашарлауынан болады. Біздің шырышты қабығымыздағы пайдалы бактериялардың жойылуы немесе ағзаның қорғаныштық күшінің тозуы, саңырауқұлақтардың бақылаусыз көбеюіне қарсы тұра алмай қалады. Ал иммунитеттің төмендеуі өз кезегінде, ағзадағы қандай да бір инфекцияның нәтижесінде болады (сондай-ақ, жасырын инфекциялар салдарынан да). 

Вагиналды кандидоз негізінен әйелдер ауыратын ауру. Кандидоз ер адамдарда әлдеқайда сирек кездеседі. Әйел адамның жыныстық құрылысының ерекшеліктеріне байланысты, бұл ауру симптомсыз өте алмайды. Ең бірінші пайда болатын белгі - ақ түсті сұйық заттың бөлінуі. Оның өзіндік ерекше иісі де бар. Вагиналды уылу кезінде әйел адамның дене қызуы 37 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл әрине аурудың қосалқы белгісі ғана. 

Кандидоздың нақты белгілеріне жыныс мүшесінің қышуы мен шағып ауыру да жатады. Ресми статистика бойынша кандидоз барлық жыныс ауруларының 30 %  құрайды. Бұл ауду көбінесе 20-45 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Аталмыш белгілерден басқа, бұл ауру жыныс мүшелері мен несеп жүйесінің инфекциялық ауруларымен бірге жүреді. Сондай-ақ әйелдердің арасында қант диабетіне шалдыққан адамдарда да көбірек кездеседі.

Қынаптан сұйық заттың бөлінуі, қышу және шағып ауыру әрқашан кандидоз белгілері емес. Бұл белгілер кольпитке де (жыныс мүшесінің қабынуы) гонореяға да, бактериялық вагинозда да, генитальді герпесте де, микоплазмозда да, уреаплазмозда да, трихомониазде де, хламидиозда да, және басқа да инфекцияларда кездесуі мүмкін. Сондықтан аурудың бірінші белгілері біліне салысымен дәрігерге қаралған жөн. 

Өзіңізге диагноз қоюдан аулақ болыңыз. Кез-келген жыныстық ауруларды гинеколог маман емдеген жөн. Соңына дейін толық емделмеген кандидоз иммундық жүйені әлсіретеді, ағзаның басқа қабыну ауруларына қарсы тұру қабілетін төмендетеді.

#молочница #кандидоз #вагиналды кандидоз #жыныстық аурулар #әйел күтімі

Читайте больше


Загрузка...